2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органның қызметі туралы есебі

2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

жергілікті атқарушы органның қызметі туралы есебі

 

 

 1.Жалпы ережелер

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі-Әкімдік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрін көрсетеді:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  4. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
  6. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
  7. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
  8. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

Есепті кезеңде 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін НҚА-ға сәйкес көрсетіледі. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде және әкімдіктің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған.

         Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін азаматтардың көрсетілетін қызметті берушімен байланысын азайту мақсатында Азаматтардың "электрондық үкімет" порталы, "электрондық лицензиялау" немесе "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында" электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша әдістемелік және практикалық көмек жалғастырылды.

 

Дата публикации
07 февраля 2025