Қарқаралы ауданы әкімінің "жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің жобасы

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің Бақты ауылында және Бесоба ауылдық округінің Бесоба ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2.Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дархан Сәулеханұлы Жиенбаев табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 03 4.қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Дата публикации
29 января 2024