2024-2026 жылдарға арналған
«Қарқаралы ауданының Қаракөл
ауылдық округінің азаматтық бюджет
Қарқаралы ауданы Қаракөл ауылдық округінің 2024 ─ 2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қаракөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.
Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.
Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодексіне, Қарқаралы ауданы Қаракөл ауылдық ауылының 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылады.
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы «Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 352 қаулысына «Аудандық мәслихаттың XV сессиясының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № VIIІ-15/112 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы №73 қаулысына сәйкес және шешімін іске асыру туралы» шешімін бекітілді.