GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Feedback
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
11 сентября 2026
ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі С.Мусиннің төрағалығымен Қарқаралы қаласының бас жоспарына түзетулер енгізу жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Жиында ұсынылып отырған өзгерістер қаралып, бұған дейін айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілу барысы және алдағы құрылыс нысандарын бас жоспарға уақтылы енгізу мәселелері талқыланды.

Жауапты сала мамандары өз ұсыныстарын білдіріп, жобаға қатысты түсіндірмелер берді. Аудан басшылығы жоспарланған нысандарды өзара үйлестіру, жұмыстарды нақтылау және тиісті мәселелерді ескеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Бас жоспарды жетілдіру барысында тұрғындардың мүддесін ескеру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау және аумақты тиімді дамыту басты назарда болуы тиіс. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеліп, жұмыстарды одан әрі жалғастыру тапсырылды.

20 июля 2026
САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті.

Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі.

Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!

26 мая 2026
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Тайжановтың Қарағайлы кентінің тұрғындарымен кездесуі

25.05.2026 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Тайжанов Қарағайлы кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында су құбыры және кәріз желілерін салу мәселелері, сондай-ақ кентті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

08 мая 2026
Тыл ардагерлерін құттықтау

В честь 9 мая - Дня Великой Победы поздравили с праздником жительницу поселка Карагайлы, ветерана тыла Нафталову Шайзу.

Әлеуметтік қорғау
23 апреля 2026
әлеуметтік қорғау мен қызметтер туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Қарағайлы кенті әкімдігінде 2026 жылдың 22 сәуірі күні Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ басшысының орынбасары А.Мерсалимова мен сектор меңгерушісі К.Бабайбековтың қатысуымен зейнеткерлер мен мүгедектерге және көп балалы, жалғыз басты аналарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан заң аясында көрсетілетін жеңілдіктер, әлеуметтік қорғау мен қызметтер туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

03 марта 2026
интернет алаяқтықтың алдын алу іс шаралары

2026 жылдың 27 ақпан-2 наурыз аралығында Қарағайлы кенті әкімі аппараты және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе отырып, Қарағайлы байыту фабрикасы және "Кентөбе" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты интернет алайықтықтын алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Іс шара барысында ақпараттық тақталарға, асханаларға, жатаханаларға, жұмысшыларды тасымалдайды автобустарға және де жұмысшылар көп шоғырланатын жерлерге түсіндірме парақшалары ілініп жұмысшыларға таратылды. #заң_мен_тәртіп

19 января 2026
Аудан спортшылары облыс біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды

Аудан спортшылары облыс біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды
2026 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды қаласында грек-рим күресінен U17 жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының біріншілігі өтті. Аталған жарысқа ауданымыздың спортшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 110 кг салмақ дәрежесінде Тожибаев Давронбек III орын, ал 80 кг салмақта Төлеубай Сүлейман II орын иеленді. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Алиев Қайырбек.
2026 жылғы 9 қаңтарда Қарағанды қаласында грек-рим күресінен U23 жас санаты бойынша Қарағанды облысының біріншілігі өтті. Бұл жарыста 72 кг салмақ дәрежесінде Татан ауылының спортшысы Хамза Нұрлыбек III орынға ие болды. Оның бапкері – Жеңіс Ақшонтаев.
Аталған спортшы Қарағанды облыстық спорт мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.

19 декабря 2025
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ!

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде «Тәуелсіздік – елдігіміздің басты құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің тарихи маңызын дәріптеу, ұлттық бірегейлікті нығайту және жастар арасында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру.
Шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Нүркенов Сләмиден Қамашұлы, Омарбеков Мақсат Мақсымұлы, Хамитов Тишбек Төлеуханұлы арнайы шақырылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүкібаев Ойрат Ыбырайымханұлы және аудан жастары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Нұржан Ағыбайұлы мен Желтоқсан оқиғасының куәгері Сләмиден Қамашұлы сөз сөйлеп, ұлт тарихында айрықша орын алатын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мұхит Қапсаттарұлы, аудандық архив басшысы Манарбек Әзімбекұлы, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Мұрат Тәңірбергенұлы, ардагер журналист, «Абыз» театрының режиссері Бану Даутанқызы сөз сөйлеп, жастардың ел болашағындағы рөлі, тәуелсіздікті сақтау жолындағы жауапкершілігі жөнінде мазмұнды ой қозғады.
Шара жастардың тарихи санасын қалыптастырып, өткеннен тағылым алуға, ел тәуелсіздігін қадірлеуге бағытталған мағыналы кездесуге айналды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

03 декабря 2025
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ – МЫҚТЫ ПАЛУАНДАР МЕКЕНІ!

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ – МЫҚТЫ ПАЛУАНДАР МЕКЕНІ!
Шежірелі Қарқаралы өңірі – талай білекті, жауырыны жерге тимеген палуандарды тәрбиелеген қасиетті мекен. Аудан көлемінен шыққан талай спортшылардың ел намысын ірі жарыстарда қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүргені – соның айғағы.
Бүгін Қарқаралы аудан әкімінің м.а. Саят Қабиденұлы аймақтың абыройын асқақтатып, республикалық және халықаралық ареналарда жеңіске жетіп жүрген күрес мектебінің шәкірттерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуге қатысқан спортшылар:
– Дзюдодан +78 кг салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы және Азия кубогының жеңімпазы Тойшыбекова Айда Ардаққызы;
– Дзюдодан 73 кг салмақта қатарынан екінші рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанған Дүйсенхан Ерсұлтан Дулатұлы;
– Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Азия кубогінде 57 кг салмақта күміс жүлде иеленген Қайрат Аяулым Айдынқызы;
– Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен Азия кубогінде 100 кг салмақта күміс жүлдегер атанған Ульсаитов Арыстан Абзалұлы.
Жас палуандар өздеріне көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да ел сенімін ақтайтындарын айтты.
Бұл – намыс, шеберлік және жігердің сыналар сәті. Әрбір жеңіс – тарихқа жазылар еңбек.
Жас спортшыларға алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз. Жетістіктері өсіп келе жатқан буынға үлгі болсын!

02 декабря 2025
Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Мусиннің кент тұрғындарымен есептік кездесуі

Бүгін Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Мусин Қарағайлы кентінің тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қарағайлы кенті әкімі М.Акимбаев 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасап, алдағы 2026 жылға жасалған жоспармен бөлісті.

Жиынға аудан прокуроры А.Қ.Әділханов, Қарқаралы ауданының бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында қойылған кент тұрғындарының сұрақтарына аудан әкімінің м.а. С.Мусин заң аясында жауап берді. Кент бойынша атқарылып жатқан ауқымды жобалар: су, кәріз жүйесін тарту, денешынықтыру сауықтыру кешенің салу жұмыстарының сапалы болуын қадағалау жауапты мердігерлерге тапсырылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы