
Қарағайлы кентінің шағын және орта бизнес
саласы өкілдері бойынша мәлімет
2024 жылдың 1 қаңтарына Қарағай лы кенті бойынша шағын кәсіпкерлік саласында - 179 субъекті тіркеліп, оларда 512 адам жұмыс істейді. Бұл экономикалық халық санының - 23,4 % құрайды. Барлық кәсіпкерлік нысандарының 85 саудамен айналысады, 1 жағар-жанар май бекеті, 1-автокөлік жөндеу шеберханасы, 1-көлік жуу, 2-тігін шеберханасы, 1- наубайхана, 5 -дәмхана, 3- тойхана, 4- монша, 2 -шаштараз, 2- дәріхана, 21-мал өсірумен, 1 жылы-жай, 2-металл қабылдаумен, 1-аяқ киім жөндеу шеберханасы, 1-сән салоны, 1 ағылшын тілін оқыту, 2- қолдан ас әзірлеу, 1- киіз үй кафе, 1- компьютерлік қызмет көрсету, 35 жеке кәсіпкер және 1-«Жанали» ЖШС-гі, 1-«Аслан-2050» ЖШС-гі, 1-«Қазақ Алтын» ЖШС-гі Қарағайлы байыту фабрикасына кен тасумен айналысады. 1-«НПП Интеррин» кеніштерге жарылғыш заттар дайындайды.
Кент дүкендерінде- 107 адам, жанар-жағар май құю бекетінде - 5 адам, газ құю бекетінде- 2 адам, автокөлік жөндеу шеберханасында – 3 адам, көлік жуу-3 адам, тігін шеберханасында – 2 адам, наубайханада- 3 адам, дәмхана-тойханада-18 адам, моншада-9 адам, шаштаразда- 2 адам, дәріханада-2 адам, мал өсіруде-51 адам, жылы-жайда 2 адам, металл қабылдау пунктінде- 4 адам, аяқ киім жөндеу шеберханасында- 1 адам, сән салонында-1 адам, ағылшын тілін оқытумен -1, қолдан ас азірлеу -2, киіз үй кафе-3, компьютерлік қызмет көрсетумен айналысатын -2 адам қызмет көрсетеді.
«Интеррин» ЖШС-гінде -83 адам, кен таситын жеке кәсіпкерлерде- 59 адам, «Аслан-2050» ЖШС-де -13 адам, «Жанали» ЖШС-де – 87 адам, «Қазақ Алтын» ЖШС- 91 адам жұмыс істейді.