
Қарағайлы кенті бойынша 2023 жылы бюджеттік бағдарламада белгіленген жұмыстардың мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткен соң, тиісті жұмыстар жасалды.Атап айтқанда, сәулеттендіру, бағытында, біршама жұмыстар атқарылды:
Құны 15,579 млн. теңгеге 3 дана балалар ойын алаңдарын (2 алаң Қарағайлыда, 1 алаң Ақтерек ауылында) алу жұмыстары жүргізілді. Кенттің кіре берісіне «Қарағайлы» жазуының маңайын абаттандыруға 7,9 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар «Амаля» жеке кәсіпкерлігі тарапынан жасалды.Мәдениет үйінің алдындағы Даңқ алаңын сәулеттендіру мақсатында 19,0 млн. теңге бөлініп, жеке кәсіпкер «А.Оразбеков» тарапынан шақпақ тастар, мемориалдық қабырға, шағын архитектуралық бейнелер орнатылды. «Ауған соғысының» ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтамен, ауған соғысының жәдігерлерінің шағын мүсіндері қойылып, салтанатты түрде ашылды. Көшелерді жарықтандыруды жалғастыру мақсатында, жаңадан 100 артық жарық бағандары қойылды. Кент көшелеріне 18 дана бейнебақылау камералары қойылады.Санитарлық тазалық мәселесі бойынша 2022 жылы бюджеттік ұйымдарға 24 дана контейнер, 6 қоршау шарбақ қойылса, 2023 жылы 40 контейнер, 10 қоршау шарбақтар қойылды.
Кент тұрғындарымен ұйым, мекемелерге ақылы түрде күл-қоқыс шығаратын арнайы көлік сатып алынды.Кәзіргі уақытта күл-қоқыс төгетін 16 қоршау шарбақтар орнатылған жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары бітіп, аталмыш күл-қоқыс төгетін орындар, контейнерлер, арнайы көлік тендерге қойылып, күл-қоқыспен айналысатын кәсіпкерге берілді.Бұған дейін күл-қоқыс полигоны жеке кәсіпкер «О.Абеевке» сенімгерлік басқаруына берілген болатын.Бұдан кейін жеке кәсіпкер күл-қоқыс шығарудың тарифін бекітумен айналысады.