GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
13 октября 2026
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!

Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.

Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.

Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік қызметтер
05 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
02 октября 2026
Қарттарымызға – құрмет пен ізет

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылымыздың ардақты қарттарына құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл күн – өмірден көргені мен түйгені мол, кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңесін айтып, елдің дамуына өз үлесін қосқан аға буынға деген құрметтің белгісі. Осыған орай ауылымыздың қарттарына арнайы көңіл бөлініп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар, мерекеге келген қарияларға сый-сияпаттар табысталып, көңілдеріне қуаныш сыйланды.

Ақсақалдарымыз бен әжелеріміз өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Мұндай игі шаралар – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі.

Қарттарымыздың батасы мен ақылы – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Еңбегімен елге қызмет еткен ардақты жандарға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз.

Қарттарымыз аман болып, әр шаңыраққа ақ батасы мен берекесін сыйлап жүре берсін!

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
24 июня 2026
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елін, жерін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу.

Байқауға халық әндері мен халық композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Жүсіпбек Елебеков, сондай-ақ Абай әндерін ұлттық нақышпен орындауға қабілетті 16-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

Жүлде қоры:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
І орын – 500 000 теңге;
ІІ орын – 300 000 теңге;
ІІІ орын – 200 000 теңге;
Дипломант – 100 000 теңге.

Өтетін орны: Қарқаралы қаласы, Ш. Жандарбекова атындағы мәдениет үйі.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.

Басталу уақыты: сағат 10:00.

Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, өнер атты алып мұхитқа өз ән-ағысын қосып, «Мейірханның ән мектебін» қалыптастырған, талай ұрпаққа үлгі-өнеге болған ел ардақтысының туған күні – 1 шілдеде Қарқаралыда жүздесейік!

Қосымша ақпарат:
Тел.: 8 778 720 63 13
E-mail: [zhandarbekova.kdc@mail.ru](mailto:zhandarbekova.kdc@mail.ru)

Мемлекеттік қызметтер
26 мая 2026
“BAIQYMYZ” аймақаралық гастрономиялық фестивалі

“BAIQYMYZ” аймақаралық гастрономиялық фестивалі

Қарқаралыда өтетін “BaiQymyz” гастрофестивалі — қазақ даласының дәстүрін, ұлттық дәмін және мәдениетін тоғыстыратын ерекше шара.
Фестиваль барысында шеберлер жылқы тақырыбына арналған туындыларын ұсынады. Бұл — дала мәдениетінің, еркіндік пен тектіліктің символы.
Сондай-ақ көрмеде көшпелі халықтардың тарихы, салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктері өнер және қолөнер арқылы насихатталады.
Мереке аясында өнер ұжымдарының қатысуымен қазақтың дәстүрлі және эстрадалық әндері орындалады.
Баршаңызды ұлттық рухты дәріптейтін мазмұнды мерекеге шақырамыз!

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
12 мая 2026
ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ VI АУЫЛ ЖАСӨСПІРІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Қарқаралы қаласында ауыл жасөспірімдерінің облыстық VI жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға Қарағанды облысының аудандарынан 500-ге жуық жас спортшы қатысуда.
Спартакиада аясында спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, сайыстар 12-13 мамыр күндері өтеді.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары мен облыстық спорт басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ардагер спортшы Дүйсентай ата ақ батасын берді.
Шара барысында аудан спортының дамуына үлес қосқан ардагер жаттықтырушылар Бүркіт Бейсенаев пен Тұрсын Жұмағұлов «Спортқа еңбек сіңіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Спартакиада концерттік бағдарламамен жалғасып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
04 мая 2026
1 мамыр - Бірлік күні

1 мамыр - Бірлік күні!

"Халықтар достығы-Ел бірлігінің негізі" атты концерттік іс-шара Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының Мәдениет үйінде өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
13 апреля 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ!

Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды.

Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Денешынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті.

Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
27 февраля 2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, туризм, шағын және орта бизнес, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жол жөндеу және интернет байланысын дамыту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер таныстырылды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған инвестициялық жобалар, әлеуметтік бастамалар және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары баяндалды.

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
16 февраля 2026
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлерінің күніне орай, бүгін бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.
Алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы ардагерлермен кездесіп, мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Одан кейін орталық саябақтағы Ауған соғысында қаза тапқан жерлес сарбаздарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Жамалиден Әлібаев, Асқар Быхин, Нағашыбай Жақтыбаев, Өміртай Құлтабаровтың рухтарына тағзым жасау рәсімі өтті.
Шара аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен дөңгелек үстелде жалғасын тапты.
Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сайлау Әлиұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев, Нағашыбай Жақтыбаевтың жұбайы Татьяна Түсіпқызы, ауған соғысының ардагерлері Серік Жұмабеков, Нұрлан Әубәкіров, Шаймұрат Жұмаділовтер сөз сөйлеп, патриоттық тәрбие, отансүйгіштік рух, отанға адал қызмет етуге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Мәнді сұхбат әсем әнмен әрленіп, Өнер мектебінің тәлімгері Айтолқын Шаймерденова өз өнерін тарту етті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы