Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС салған жаңа екі қабатты кешенде спорт залы, әкімшілік бөлме және душ кабиналары қарастырылған. Нысан ауыл тұрғындары мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
МАДИНА – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында жерлесіміз Ержан Мадина барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Дүбірлі додаға 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты. 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мадина жоғары шеберлігі мен ұтымды тактикасының арқасында барлық белдесуін сәтті өткізіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша ол самбодан үш дүркін Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз Ержан Мадинаны айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы биік, жеңістері мол болсын!МАДИНА — ТРЕХКРАТНАЯ ЧЕМПИОНКА АЗИИ! В столице Филиппин, городе Манила, на чемпионате Азии и Океании по самбо наша землячка Ержан Мадина уверенно одержала победы во всех своих поединках и завоевала золотую медаль. В престижном международном турнире приняли участие около 500 сильнейших спортсменов из 30 стран. Выступая в весовой категории до 80 кг, Мадина продемонстрировала высокое мастерство, отличную тактическую подготовку и уверенно прошла весь турнир, став победительницей чемпионата. Эта победа принесла ей звание трехкратной чемпионки Азии по самбо. Поздравляем Ержан Мадину с выдающимся достижением! Желаем новых ярких побед, крепкого здоровья и дальнейших спортивных успехов!
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру. Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі. Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.VII районный форум по профессиональной ориентации «ПУТЬ В БУДУЩЕЕ» В культурном центре имени Ш. Жандарбековой, состоялся VII районный форум по профессиональной ориентации «ПУТЬ В БУДУЩЕЕ». Основная цель мероприятия – помочь учащимся правильно определиться с выбором профессии и познакомить их с востребованными специальностями на рынке труда. В форуме приняли участие 4 высших учебных заведения и 4 колледжа. В их числе: Карагандинский университет имени академика Е. А. Букетова, Карагандинский технический университет имени А. Сагинова, Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, академия «Болашак», а также сельскохозяйственный колледж имени М. Адекенова города Каркаралы, Карагандинский колледж экономики, бизнеса и права, Карагандинский высший гуманитарный колледж и Карагандинский железнодорожный колледж. В форуме приняли участие учащиеся 9–11 классов, родители и педагоги образовательных организаций района. В ходе мероприятия учащиеся смогли задать интересующие их вопросы по выбранным профессиям и получить на них ответы.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ! Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды. Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Денешынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті. Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.В РАМКАХ АКЦИИ «ЧИСТЫЙ КАЗАХСТАН» – 100 СОСЕН В ЧЕСТЬ НАШЕГО ГЕРОЯ! Жители Каркаралы продолжают работу в рамках акции «Чистый Казахстан». Сегодня в ходе весенних работ по благоустройству и озеленению, в честь 80-летнего юбилея первого казахского космонавта, нашего героического земляка Токтар Аубакиров, на улице, названной в его честь в городе Каркаралы, было высажено 100 саженцев сосны. Перед началом мероприятия исполняющий обязанности акима района Саят Кабиденович особо отметил значимость данной акции, призвал жителей сплоченно поддержать инициативу «Чистый Казахстан», а также подчеркнул, что в дальнейшем работы по озеленению города будут продолжены. После разминки жители Каркаралы с энтузиазмом приступили к работе и выполнили её организованно. В мероприятии приняли участие представители учреждений и организаций города, депутаты и представители общественности, ветераны и волонтерская молодежь, молодые семьи. Это значимое событие было направлено на поддержку акции «Чистый Казахстан» и прошло с добрыми пожеланиями в адрес Токтара Онгарбаевича, которому в этом году исполняется 80 лет.
Қарағанды қаласында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадада Қарқаралы ауданының ұстаздар командасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда бес асықтан бірінші орынды иеленіп, асық ату мен ерлер волейболынан екінші орын алды. Шағын футбол және қыздар волейболынан үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар үстел теннисінен төртінші, шахмат пен тоғызқұмалақтан бесінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының құрама командасы жалпы есепте жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.В городе Караганда прошла областная спартакиада среди работников организаций образования, где команда педагогов Каркаралинского района показала достойные результаты. Команда заняла первое место по бес асық, второе место по асық ату и мужскому волейболу. В мини-футболе и женском волейболе участники стали третьими. Также команда заняла четвертое место по настольному теннису и пятое — по шахматам и тоғызқұмалақ. По итогам соревнований сборная Каркаралинского района заняла почётное третье место в общем зачёте.
.Бүгін аудандық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясы өтті. Конференцияға аудан басшылары, ауылдық округ әкімдері, округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары, дербес бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2021-2025 жылдарда атқарған жұмысы бойынша есепті баяндама жасады. Баяндама бойынша бірқатар ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары жарыссөзге қатысып, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, бірінші ұйымдастыру пленумы өтіп, Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Темірғалиев Несіпхан Жақанұлы бір ауыздан сайланды. Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы ұзақ жыл аудандық ардагерлер ұйымын басқарған мемлекеттік қызмет ардагері Ойрат Ыбырайымханұлына көпшілік қауым алдында қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп,сый-құрмет көрсетті. Пленумда өзге де ұйымдастыру жұмыстары қаралып, тиісті қаулылар алынды.Сегодня состоялась XIII конференция районной организации ветеранов. В конференции приняли участие руководство района, акимы сельских округов, председатели ветеранских организаций округов, руководители самостоятельных отделов и представители общественных организаций. На заседании председатель районного совета ветеранов Ойрат Жукибаев выступил с отчетным докладом о работе районной организации ветеранов за 2021–2025 годы. По докладу ряд председателей ветеранских организаций сельских округов приняли участие в прениях и высказали свои мнения. Также состоялся первый организационный пленум, на котором новым председателем районного совета ветеранов единогласно избран Темиргалиев Несипхан Жаканович. Заместитель акима района Нуржан Агыбайулы выразил благодарность ветерану государственной службы Ойрату Ыбырайымхановичу, который на протяжении многих лет возглавлял районную организацию ветеранов, и оказал ему почести за многолетний добросовестный труд. В ходе пленума были рассмотрены и другие организационные вопросы, приняты соответствующие постановления.