Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

     

    РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 15-баптан қараңыз.

1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) бүкіл мәтін бойынша "салықтық тексеру нәтижелері", "Салықтық тексеру нәтижелері", "салықтық тексеру нәтижелеріне", "жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері", "салықтық тексеру нәтижелерімен", "салықтық тексеру нәтижесі", "салықтық тексерулердің нәтижесінде", "салықтық тексеру нәтижелерін", "Салықтық тексерудің нәтижелері", "Салықтық тексеру нәтижелеріне" деген сөздер тиісінше "тексеру нәтижелері", "Тексеру нәтижелері", "тексеру нәтижелеріне", "жүзеге асырылған тексеру нәтижелері", "тексеру нәтижелерімен", "тексеру нәтижелері", "тексеру нәтижелері туралы", "тексеру нәтижелерін", "тексеру нәтижелері", "Тексеру нәтижелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мазмұнында:

      12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу";

      5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараудың, 152-3 және 152-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу

      152-3-бап. Жалпы ережелер

      152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу";

      233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар";

      мынадай мазмұндағы 233-2, 264-1 және 273-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар";

      "264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері";

      "273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері";

      369, 386, 438, 451-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі";

      "386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері";

      "438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) тәртібі";

      "451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі";

      598-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi";

      87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі";

      89-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау";

      мынадай мазмұндағы 661-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну";

      672 және 682-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту";

      "682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту";

      3) 12-баптың 1-тармағында:

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;";

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаты – осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат;";

      4) 13-бапта:

      1-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі – есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алуға;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсатында өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.";

      5) 14-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "хабардар етуге міндетті." деген сөздер "хабардар етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын:

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде – өткізу басталған күннен кешіктірмей;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:

      Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – тауарларды еркін айналымға шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен кешіктірмей ресімдеуге міндетті.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, пайдалану қағидаларын, оларды ресімдеу нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді;

      10) тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде беруге міндетті.

      Осы Кодекстің 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіштерде ұсыну бойынша міндеттеме мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге қатысты болады.

      Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентігінің) бухгалтерлік және салықтық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімінің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";

      6) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың ережесі:

      1) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін салықтық өтініш;

      2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тасталған салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі;

      3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды.";

      7) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бухгалтерлiк және салықтық есептерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді және (немесе) электрондық жеткізгіштерде және (немесе) қағаз жеткізгіштерде беруді талап етуге;";

      8) 20-баптың 1-тармағының 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруге;";

      9) 35-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару туындаған күні және сенімгерлік басқару кезеңінде осы Кодекстің 134, 135, 135-1, 181, 182-баптарының, 17 және 63-тарауларының ережелері қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.";

      10) 37-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "есептілігін;" деген сөзден кейін "ұсынады." деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;

      11) 37-1-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.";

      12) 37-2-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.";

      13) 39-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) мен 3) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;

      14) 40-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы "есептілігін;" деген сөзден кейін "ұсынады." деген сөзбен толықтырылып, 3) пен 4) тармақшалары және үшінші бөлігі алып тасталсын;

      15) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "есептілігін;" деген сөзден кейін "ұсынады." деген сөзбен толықтырылып, 4) пен 6) тармақшалары және екінші бөлігі алып тасталсын;

      16) 46-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Осы Кодекстің 273-1-бабын қолдану мақсатында қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:

      1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңі үшін – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады;

      2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      Бұл ретте, егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.

      Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеуші осы баптың 2 және 3-2-тармақтарында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын салық органдарының қайтару мақсаттары үшін қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.";

      17) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 47-1-бабында көзделген, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.";

      18) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігіндегі "көтерме сатуды" деген сөздер "қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтықты көтерме саудада өткізуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      20) 74-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтініш берілген күні шығарылады.";

      21) 77-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

      корпоративтік табыс салығы бойынша;

      үстеме пайда салығы бойынша;

      қосылған құн салығы бойынша;

      пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша;

      ірі салық төлеушінің ағымдағы және алдағы күнтізбелік жылдарға жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылатын салық тіркелімдерінің нысандарын белгілейді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Егер осы Кодекстің 624-бабында өзгеше белгіленбесе, салық тіркелімдері құжаттық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.";

      22) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"96-бап. Өтеусіз алынған мүлік

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.

      2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.

      3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.

      5. Осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.";

      23) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 111-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.";

      24) 110-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай тауар-материалдық қорлардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;";

      25) 111-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн нақты жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонустың сомалары, оның ішінде осы Кодекстің 315-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төленген қол қойылатын бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) – 5), 7) – 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:";

      1-2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:";

      26) 111-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер

      1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.

      Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:

      1) блоктарда (полигондарда) салынған сорушы, айдаушы және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары;

      2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар;

      3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;

      4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;

      5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;

      6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;

      7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;

      8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер;

      9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;

      10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;

      11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;

      12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;

      13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;

      14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;

      15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;

      16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;

      17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.

      Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.

      Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.

      Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.

      Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:

 

 

      S – амортизациялық аударымдар сомасы;

      С1 – амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;

      C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);

      С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;

      V1 – уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;

      V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;

      V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;

      V4 – салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының нақты көлемі.

      2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.

      2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

      амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,

      қосу

      ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар),

      қосу

      осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,

      қосу

      осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,

      алу

      салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.

      2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі деп танылады.

      2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

      уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі,

      қосу

      салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі,

      қосу

      жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі,

      алу

      салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.

      Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының нақты көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.

      Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.

      3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.

      Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.";

      27) 135-3-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.";

      28) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баппен толықтырылсын:

"135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен кірістер бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.";

      29) 141-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.";

      30) 152-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, алым және төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.";

      31) 5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараумен толықтырылсын:

"17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу

152-3-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға:

      инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін;

      салықтар бойынша преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаса;

      2) заңды тұлғаның инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келсе;

      3) заңды тұлға осы Кодексте көзделген бөлек салықтық есеп жүргізу қағидаттарына сәйкес, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінен тыс алған (шеккен) кірістері мен шығыстарынан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде берілген объектілерді пайдалану кезінде алған (шеккен) кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.

      3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасқан күннен бастап күшін жояды.

      Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.

152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу

      1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:

      1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;

      2) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдаланылатын тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.

      Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

      1) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;

      2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.

      2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.

      Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

      1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;

      2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.

      3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.

      Осы тармақтың ережелері:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынатын және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;

      2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

      1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады;

      2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.";

      32) 155-баптың 3-тармағында:

      19) тармақшадағы "меншік құқығын тіркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен" деген сөздер "одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;

      тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;";

      "29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;

      асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

      ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:

      банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.";

      33) 156-бапта:

      1-тармақта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;

      I, II, III топтардағы мүгедек;

      мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.

      Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      "мүгедек бала" санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.

      Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды;";

      43) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген кірістер жеке тұлға мынадай құжаттарды:

      жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;

      растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылы салық салуға жататын кірістерден алып тасталады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.";

      34) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

      жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің ағымдағы салық кезеңінде аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі сомасы

      алу

      осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі стандартты шегерім сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 156-5-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен стандартты шегерімді ауыстыру сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 156-6-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімі сомасы

      алу

      осы Кодекстің 156-7-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі сомасы

      алу

      осы Кодекстің 156-8-бабына сәйкес оқуға арналған салық шегерімі сомасы

      алу

      осы Кодекстің 156-9-бабына сәйкес медицинаға арналған салық шегерімі сомасы

      алу

Дата публикации
05 октября 1995