Ауылдық округте 2024 жылдың 1 қаңтарына 5798 сиыр,8945 ұсақ мал,4350 жылқы бар.2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Бесоба ауылдық округіне 145 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның ішінде, атап айтқанда, AQ Niet ШҚ 80,780 млн тг көлемінде инвестиция тартты: YTO маркалы 2 трактор,пресподборщик,КТП сатып алынды."Рыскүл" шаруа қожалығы 16,320 млн теңгеге 25 бас жылқы, "Қуантай" шаруа қожалығы - 19 млн теңгеге 20 бас ірі қара мал сатып алды.Орынбек шаруа қожалығы 25 млн теңге асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша ауылдық округ бойынша 7 өтінім берілді,40 млн теңге көлемінде сұрау салынып,"Сарыарқа"ӘКК-не берілді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 15 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл 3 шаруа қожалығы егістік жерлерді игеріп,1500 га бидай, 1000 га сұлы отырғызды. Жаңа 4 қыстақ салынды, жеке қосалқы шаруашылықтар қажеттілігінің резервіне 23717 га жер қойылды.