GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Ауыл шаруашылығы
07 октября 2026
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды

25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.

Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.

Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Спорт
20 апреля 2026
Егіндібұлақ ауылында Қайролла Сержан Қанатұлын еске алуына арналған 2008–2010 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық волейбол турнирі ұйымдастырылды.

2026 жылғы 18 сәуірде Егіндібұлақ ауылында Қайролла Сержан Қанатұлын еске алуына арналған 2008–2010 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық волейбол турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша Қарабұлақ ауылының ұлдар мен қыздардан құралған аралас (микс) командасы жүлделі I орынды иеленіп, чемпион атанды.

13 апреля 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ!


Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды.

Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Денешынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті.

Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.

31 марта 2026
АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясы өтті.
Конференцияға аудан басшылары, ауылдық округ әкімдері, округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары, дербес бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2021-2025 жылдарда атқарған жұмысы бойынша есепті баяндама жасады.
Баяндама бойынша бірқатар ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары жарыссөзге қатысып, пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, бірінші ұйымдастыру пленумы өтіп, Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Темірғалиев Несіпхан Жақанұлы бір ауыздан сайланды.
Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы ұзақ жыл аудандық ардагерлер ұйымын басқарған мемлекеттік қызмет ардагері Ойрат Ыбырайымханұлына көпшілік қауым алдында қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп,сый-құрмет көрсетті.
Пленумда өзге де ұйымдастыру жұмыстары қаралып, тиісті қаулылар алынды.

30 марта 2026
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ – ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қарағанды қаласында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадада Қарқаралы ауданының ұстаздар командасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда бес асықтан бірінші орынды иеленіп, асық ату мен ерлер волейболынан екінші орын алды. Шағын футбол және қыздар волейболынан үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар үстел теннисінен төртінші, шахмат пен тоғызқұмалақтан бесінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарқаралы ауданының құрама командасы жалпы есепте жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

27 февраля 2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Мусиннің қатысуымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, туризм, шағын және орта бизнес, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жол жөндеу және интернет байланысын дамыту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер таныстырылды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған инвестициялық жобалар, әлеуметтік бастамалар және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары баяндалды.

29 января 2026
🎉 Қуанышты жаңалық! 🎉

2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды қаласында өткен облыстық «Әбіш оқулары» байқауында «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша аудан намысын қорғаған №33 мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

12 мектеп қатысқан тартысты да дүбірлі додада жас өнерпаздарымыз жүлделі ІІІ орынға ие болып, ауылдың, мектептің және ауданның абыройын асқақтатты.

Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшісі — Ахметова Жансая Қайратқызы.
Байқауға қатысқан команда Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округі, Қарабұлақ ауылының №33 жалпы білім беретін орта мектебінің намысын лайықты қорғады.

Жас өнерпаздарымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Дарынды да талапты оқушыларымыз көбейе берсін, алар асуларыңыз биік болсын!

29 января 2026
Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды

Бүгін аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан басшылығы, кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат, ардагерлер кеңесі, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, жан-жақты мағлұмат берді.
Қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Әлиұлы, кеңес мүшелері Серік Жекейұлы және Мұрат Тәңірбергенұлы ауданның өзекті мәселелері туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Көтерілген сұрақ-сауалдарға тиянақты жауаптар берілді.
Жалпы кеңес мүшелері аудан басшылығының атқарылып жатқан жұмыстар мен белгіленіп отырған міндеттер турасындағы толымды ақпаратына ризашылығын білдіріп, алда бірлесе атқаратын жұмыстарға сәттілік тіледі.

20 января 2026
ҚАРҚАРАЛЫДА «ROBOLAND – 2026» АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Қарқаралы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә. Ермеков атындағы мектепте «ROBOLAND – 2026» XI Халықаралық фестиваль-байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Аталған шараға Қарқаралы ауданының білім беру ұйымдарынан, атап айтқанда Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының, Қарқаралы қаласының академик О. Жәутіков атындағы №1 орта мектептің, Мәди Бапиұлы атындағы №44 орта мектептің, сондай-ақ Ынталы ауылының №3, Тегісшілдік ауылының №6, Нүркен ауылының №10, Талды ауылының №19, Айнабұлақ ауылының №31 және Қоянды ауылының №35 орта мектептерінен 10–14 жас аралығындағы оқушылардан құралған командалар қатысты.
Аудандық іріктеу кезеңі «Садақ ату», «Кегльринг квадро», «Лабиринт», «Мини-футбол (басқарылатын роботтар)», «Полоса препятствий» бағыттары бойынша өткізілді.
Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
• I орынды – Қарқаралы ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының құрама командасы;
• II орынды – Қарқаралы қаласының №1 академик О. Жәутіков атындағы мектептің құрама командасы;
• III орынды – Жарлы ауылының №10 Нүркен Әбдіров атындағы мектептің құрама командасы иеленді.
Жүлделі орын алған командалар «ROBOLAND – 2026» фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.

19 января 2026
№33 ЖББ мектебінің оқушылары аудандық «Әбіш оқуларында» І орын иеленді

Ауылымыздың және мектебіміздің атауы аудан көлемінде тағы бір мәрте аталып, жеңіс қатарынан көрінді. №33 жалпы білім беретін мектебінің 6–10 сынып оқушылары 2026 жылғы 19 қаңтарда өткен аудандық «Әбіш оқуларына» қатысып, сахналық қойылым номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды.

Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын 2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды қаласында өтетін байқауда қорғайтын болады.

Жас өнерпаздарға алдағы сайыста сәттілік тілейміз! Тек алға, жаңа белестерге жете беріңіздер!

Жетекшісі: Ахметова Жансая Қайратқызы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы