2025-2027 жылдарға арналған «Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің азаматтық бюджеті

 

     

Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылдық округінің  2025─ 2027 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде Қасым Аманжолов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттің жұмсалу бағыттары туралы ақпарат бар.

         Бұл құжатта «Бюджеттік жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің кірістері мен шығыстары» бөлімдері бар.     
Ауылдық округтің бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.         

Бюджеттік процесс - бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау.

 Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы  XХХI сессиясының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» № VIII-31/244 шешіміне, және  Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «Аудандық мәслихаттың XХХІ cессиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № VIII-31/244   «2025-2027 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» №5 шешімі.

 

Дата публикации
06 января 2025