Заңды мүдделер қорғалады, бұзылған құқықтар қалпына келтіріледі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады. Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлері 10-нан астам қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Атап айтқанда, Департаментке Қарағанды қаласының тұрғыны "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша берген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартқаны туралы келіспеу туралы шағымданып, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді сұрады. Өз кезегінде Департамент шағымды объективті және жан-жақты қарау үшін маңызы бар құжаттарға құқықтық талдау жүргізді. Департаменттің Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің атына шағымды қарау қорытындысы бойынша