Меню

Страницы

Статья

Қызмет алушылар құқығы

Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.

Бұл бағытта Агенттікпен және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.

Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Басқа бір жағдай бойынша, қызмет алушы мүгедек баланы асыраушысы бола тұра, құжат рәсімдеуде заңмен қарастырылған жеңілдікті пайдалана алмаған.

Аталған факт бойынша Департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық жүйенің жетілдірілмегендігінен қызмет алушыдан мемлекеттік баж төлеу міндеттелгендігі анықталды. Бұл бойынша Департаментпен орталық мемлекеттік мекемелерге тиісті хаттар жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Яғни, қызмет алушы заңнамада көзделген жеңілдікпен құжат рәсімдеуге қол жеткізді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жүйедегі кемшілік республика көлемінде орын алып отырғандықтан, Департаментпен уәкілетті мемлекеттік мекемелерге ақпараттық жүйені жетілдіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.

Егерде мемлекеттік қызмет алу кезінде осыған ұқсас құқықтарыңыз бұзылған болса Сіз де мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіну арқылы өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.

 

 

А. Абдикаримов,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

басқармасының басшысы

 

 

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 марта 2025
013
Ақпарат
13 марта 2025
022
Ақпарат
13 марта 2025
008

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы