Ағымдағы жылдың 10 қазанында zoom-конференция режимінде облыстық басқармалармен гранттық қаржыландыру тетіктерін түсіндіру бойынша семинар өтті. Аталған семинар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушыларға гранттық қаржыландырудың ерекшеліктері түсіндіріліп, негізгі бағыттары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың айырмашылықтары, сондай-ақ олардың артықшылықтары анықталды.
Ағымдағы жылдың қараша айында ҚР АҚДМ-мен бірлесіп облысымыздың қалалары мен аудандары үшін және әлеуметтік жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру мақсатында мүдделі ҮЕҰ үшін бірқатар семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз.