2022 жылғы 14 қазан сағат 15.00-де zoom-конференция режимінде Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру туралы;
- Жастардың ҮЕҰ туралы: мәселелері мен жоспарлары;
- Қазақстанның Азаматтық форумы қарсаңында ҮЕҰ облыстық конференциясына дайындық туралы.
Кеңес отырысында облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері орынбасарларының және ҮЕҰ өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Кеңес мүшелері өз пікірлерімен бөлісіп, сондай-ақ Кеңестің жұмысы бойынша және жалпы облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді.