Ағымдағы жылдың 25 тамызында Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті. Бұл кездесу «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтің имиджін жоғарылатуға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттары шеңберінде ұйымдастырылды. Осы жобаның тапсырыс берушісі Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.