Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі

Қарағанды облысында бүгінгі таңда 918 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бүгінде әлеуметтік жобалар 17 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыста жалпы қаржыландыру сомасы 3,9 млрд. теңгеден асатын 198 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Ішкі саясат басқармасы ағымдағы жылы жалпы сомасы 37 млн.теңгеге 13 жобаны іске асыруда. Бұл келесі жобалар:

  • Мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру (мүгедек балалардың спорт және шығармашылық фестивалі);
  • ҮЕҰ фестивалін ұйымдастыру және өткізу (әлеуметтік жобалардың көрме-жәрмеңкесі; «Жылдың үздік ҮЕҰ» конкурсы, ҮЕҰ конференциясы);
  • ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • «Гендерлік теңдік стратегиясы аясында ерлер мен әйелдердің теңдігі» жобасын іске асыру (әйелдер көшбасшылығы мектебі, саясаткер әйелдер клубы)
  • Облыстың ардагерлер ұйымдарын қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаз отбасыларына және үміткердің отбасына салтанатты құрмет көрсетуді өткізу;
  • Қарағанды облысының ҮЕҰ қызметін қолдау және мониторингілеу бойынша арнайы сайттың жұмыс істеуі;
  • ҚР «Медиация туралы» заңы аясында медиаторлар пулын құру, оларды оқытуды ұйымдастыру, бейнероликтер әзірлеу және т. б.;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ билері мен шешендерінің мұрасы» жобасы;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Времен связующая нить» жобасы;
  • Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қоғамдық сананы жаңғыртудың Қарағанды әдіснамалық орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Лидер живущий рядом» жобасы.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 7 облыстық басқармада және қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде жүзеге асырылады:

  1. Ішкі саясат басқармасы – 13 жоба (37 млн. тг.)
  2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 13 жоба (133 млн.тг.)
  3. Білім басқармасы – 7 жоба (50 млн. тг.)
  4. Жастар саясаты мәселелері басқармасы – 8 жоба (267 млн. тг.)
  5. Дін істері басқармасы – 13 жоба (85 млн. тг.)
  6. Дене шынықтыру және спорт басқармасы – 3 жоба (2,7 млрд. тг.)
  7. Тілдерді дамыту басқармасы – 1 жоба (7,5 млн.тг.)

 

Бүгінде ҮЕҰ өкілдері барлық консультативтік-кеңесші органдарда (қоғамдық кеңестер, комиссиялар, жұмыс топтары және т.б.) жұмыс істейді.

ҮЕҰ өкілдері мәслихаттардың, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің депутаттары болып табылады. Облыс бойынша 14 қоғамдық кеңес (қалаларда – 6, аудандарда – 7, облыста – 1). Барлығы 212 адам ҚК мүшелері болып табылады, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері – 42 адам (20%).

Сондай-ақ, облыс орталығында ҮЕҰ ақпараттық - білім беру орталығы (ҮЕҰ үйі) жұмыс істейді, онда қоғамдық бірлестіктердің өкілдері барлық қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялық-әдістемелік көмек алады.

Дата публикации
01 августа 2022
Дата обновления
01 августа 2022
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы