Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадияр Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Министрлік өңірлердің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізуді жалғастыруда

 

2022 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадияр Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Комитет төрағасы азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан жобалар мен ведомствоның негізгі міндеттері туралы сөз қозғады.

Мадияр Қожахмет қазіргі уақытта мемлекет реформаларды әзірлеу мен іске асыруда, өзекті мәселелерді шешуге қатысуда қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды тарту үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.

Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, МӘТ және ҮЕҰ-ға арналған гранттар бөлігінде заңнамалық түзетулер қабылданып, олар арқылы ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қоғамның өзекті мәселелерін шешу саласындағы күш-жігерін біріктіру үшін 2023 жылдан бастап тәжірибеге градуирленген гранттар кіреді.

 Кездесуде азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын өңірлік бөлуге және т.б. толғандыратын мәселелерді талқылады.

 Мадияр Қожахмет азаматтық қоғамның барлық мәселелері қаралып, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы