Сыйлық конкурстық негізде Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссия шешімі бойынша келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Қарағанды журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығы – журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін. Сыйлық нақты бір журналистке немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін;
- «Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;
- «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – жоғары адамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлауды насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін;
- «Объектив шебері» - бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады;
- «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» - селолық аудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау;
- «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру мен кәсібиліктің бірегейлігі;
- «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» - кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сандық және сапалық жағынан жариялау;
- «Алғашқы табыстары үшін» - ұсыным-сипаттама түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі;
- «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;
- «Мәнер мен атқарымдылық үшін» - техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;
- «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» – мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, облыстың әлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін БАҚ өкіліне, блогерге беріледі. Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.
Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады.