Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне жыл сайын берілетін «Алтын Сұңқар» сыйлығын тағайындауға конкурсты өткізу туралы ереже

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығын тағайындауға конкурс өткізіледі.

         Конкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады.

         Сыйлық көрсетілген өлшемдерді ескере отырып, келесі номинациялар бойынша тағайындалады:

  1. «Қарағанды журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы сыйлығы – журналистиканы дамытудағы ерекше еңбегі үшін. Сыйлық нақты бір журналистке немесе ұжымға тапсырылуы мүмкін;
  2. «Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіптік қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы;
  3. «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – жоғары адамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлауды насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін;
  4. «Объектив шебері» - бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады;
  5. «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» - селолық аудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау;
  6. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру мен кәсібиліктің бірегейлігі;
  7. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» - кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сандық және сапалық жағынан жариялау;
  8. «Алғашқы табыстары үшін» - ұсыным-сипаттама түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі;
  9. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация;
  10. «Мәнер мен атқарымдылық үшін» - техникалық және шығармашылық қызметкерлерге: жоғары кәсібилікке ие дыбыстық режиссерлерге, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация;

11.«Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» – мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы жариялағаны, облыстың әлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін БАҚ өкіліне, блогерге беріледі. Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің  сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Сыйлық беру жөніндегі комиссияның қарауына кандидаттарды  газеттер мен журналдардың редакциялары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ блогерлармен, журналистердің өздері,  БАҚ қызметкерлері ұсынады  Ұсынысқа мыналар қоса тіркеледі:

- қысқаша өмірбаян;

- 3 әр түрлі, көркем фотосурет;

- ақпараттық материалдар тізімі. Бір автор бірнеше материалдарын ұсына алады, алайда олардың саны 5-тен аспауы тиіс.

         Әтүрлі жанрдағы материалдар (очерк, интервью, мақала, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар топтамасы қабылданады.

         Жарияланымдар түпнұсқада (толық басылымы берілгені дұрыс)  немесе материалдардың ксерокөшірмелері (басылымның атауы, мерзімі және авторымен хабарласудың толық мәліметтерімен қоса), радиобағдарламалар мен телехабарлар компанияның атауы мен эфирге шыққан күні көрсетіліп – тиісінше аудиожазба және бейнежазба (cd/dvd дискілері) түрінде өткізілуі тиіс.

         Өмір баяндық ақпарат  d.akisheva@karaganda-region.gov.kz электронды мекен-жайына жіберу қажет.

            Өтінімдер 2022 жылдың 24 мамыры - 19 маусымы аралығында Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13, каб. 410 (Ішкі саясат басқармасы) мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
24 мая 2022
Дата обновления
24 мая 2022
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы