Меню

Страницы

Статья

Ішкі саяси тұрақтылық – қоғамның қарқынды дамуының негізі

                            

Халықтың бірлігі, Қазақстанның егеменді дамуы жолындағы идеялар мен Тәуелсіздігіне деген шынайы сенім қоғамның топтасуы мен еліміздің ілгерілеуі үшін берік іргетас болады деп санаймын.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында сөйлеген сөзінен

Ішкі саясат басқармасының қызметі 2021 жылы өңірдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайтуға, ел басшылығы қойған міндеттерді шешу үшін облыстың барлық қоғамдық күштерін біріктіруге бағытталды.

Есепті жылдың барлық іс-шаралары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығы, Ә.Ермековтың 130 жылдығы, Қ. Аманжоловтың 110 жылдығы сынды белгілі тарихи тұлғалардың айтулы мерейтойлары оқиға қатарларының негізін құрады.

2021 жылы облыс бойынша барлығы 6000-нан астам қоғамдық-маңызды іс-шаралар, оның ішінде халықаралық деңгейде – 8, республикалық деңгейде – 22, облыстық деңгейде – 228, қалалар мен аудандар деңгейінде – 5,7 мыңнан астам іс-шара өткізілді.  

Басқарма 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған облыс әкімінің салтанатты қабылдауын, Қазақстан халқының бірлігі күніне, Мемлекеттік рәміздер күніне, Конституция күніне, Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараларды, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналысты және тағы басқа осындай шараларды ұйымдастырушы ретінде шықты.

Жалпы, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту мәселесіне тоқталсақ, мерейтойды атап өту жөніндегі республикалық кеңсе мониторингінің нәтижелері бойынша жыл бойы біздің облыс барлық көрсеткіштер бойынша (іс-шаралар саны, мазмұны, қамтылуы, БАҚ-та жариялануы және т.б.) алдыңғы қатардағы үштікте болған.

Бұл бағыттағы тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуын насихаттау және бақылау. Біз мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табыламыз.

Биыл аталған комиссияның 2 отырысы өткізілді. Жұмыс тобы оқиға орнына барып, қалалар мен аудандардың 78 объектісінде мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелерін сақтау бойынша істердің жай-күйін тексерді, 2000 дана көлемінде семинар материалдарын шығарып, «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың нысандары мен әдістері» тақырыбына семинар өткізілді, Мемлекеттік Елтаңба авторы, Мемлекет және қоғам қайраткері Жандарбек Мәлібекұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» атты онлайн «дөңгелек үстел» өткізілді.

Облыста басты-басты бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік бағдарламаларды және Президенттің Қазақстан халқына жолдауларын түсіндіру бойынша қатарына облыстық басқармалардың басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, ғалымдар, спикерлер, қоғам қайраткерлері сынды 561 насихаттаушы кіретін 19 ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл топтар ЗУМ режимінде 157 000 адам қатысқан 1 000-нан астам кездесу өткізді.

Жыл сайын ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері үшін әдістемелік ұсынымдар шығарамыз. Биыл таралымы 1300 дана ұсыныстар шығардық.

Ішкі саясат басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. 2021 жылы өңірде бағдарламаның 6 бағыты, 17 арнайы жобасы аясында шамамен 1,5 млн. адам қамтылған 2500-ге жуық іс-шара/жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, республикалық «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында жыл басынан бері 30832 мұқтаж жандар қамтылып, көмек алған 4114 іс-шара жүзеге асырылды.

Жалпы, «Қайырымды істер марафоны» қорытындылары бойынша біздің облыс «Ең мейірімді өңір» номинациясында 3 орынды иеленді, ал «Ең мейірімді ЖОО» номинациясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жеңіске жетті. Қарағандылықтар сондай-ақ республикалық «Жомарт жүрек» байқауының да жеңімпаздары атанды. «Туған өлке» номинациясы бойынша өңіріміздің өкілі Нұрлан Қалтаев, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Сапар Ибкеев, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Бақтыбай Жүнісов үздік деп танылды. Осындай еңбектері еленген азаматтардың облысымыздың мерейін асқақтатары сөзсіз!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан өңірлерінде іске асырылып жатқан үздік жобалар арасында «Менің атам, менің әжем» және «Жетістік формуласы» жобалары да танылды.

Әрине, аталмыш бағдарлама жобаларының ең маңыздысы – «Қасым үйінің» ашылуы. Үйдің салтанатты ашылуы есепті жылдың соңында өтті.

Біз мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға ерекше назар аударамыз.

Қарағанды облысы республика көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталатын өңірдің бірі және Қазақстандағы БАҚ саны бойынша рейтингте үшінші орында. Қазіргі уақытта облыста 206 БАҚ тіркелген.

Маңызды қоғамдық іс-шараларды жария ету және стратегиялық мемлекеттік құжаттарды түсіндіру бойынша біз 15 медиа-жоспар әзірлеп, іске асырдық.

ӨКҚ алаңы жұмыс істейді. Алаңда қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар, департаменттер, комитеттер басшыларының брифингтері өтеді. Жыл басынан бері 141 брифинг өткізілді.

Осынау күрделі кезеңді ескере отырып, біз әлеуметтік желілердегі жұмысты реттеу бойынша белсенді шаралар қабылдап жатырмыз.

Осылайша, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері халықпен тікелей байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде (Инстаграм, Фейсбук, Твиттер) дербес аккаунттар ашты.

Ай сайын 14.07.2020ж. бастап қалалар мен аудандардың әкімдері әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында «Әкім сағатын» өткізді. 107364 адам қамтылды, әкімдерге келіп түскен сұрақтардың жалпы саны –  32500.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында 2006 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығын беруге жыл сайын конкурс өткізіліп келеді. Байқау 14 жыл бойы өткізіліп келеді. Биылғы жылы сыйлыққа 11 БАҚ өкілі ие болды. Жалпы, 2006 жылдан бастап сыйлықты 212 журналист пен 8 БАҚ ұжымы алды.

Басқарма өткен жылы баспасөз қызметінің мамандары, БАҚ өкілдері үшін 5 семинар ұйымдастырды. Бұл семинарлардың басты мақсаты – БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жолға қою.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында азаматтық-саяси сектор ерекше рөл атқарады.

Қазіргі уақытта облыста саяси партиялардың 6 филиалы жұмыс істейді. Олар: «Nur Otan», «Ақ жол» ҚДП, ҚХП, «Ауыл» ХДПП, «Адал», ЖСДП.

Үкіметтік емес секторға келетін болсақ, облыста 1157 үкіметтік емес ұйым тіркелген (2021 жылы – 1300, 2020 жылы – 1283).

Үкіметтік емес ұйымдарды халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге тарту үшін мемлекеттік органдар әлеуметтік тапсырыс қалыптастырады (МОӘТ), ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық және өңірлік кеңестер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Басқарма 13 әлеуметтік жобаны, оның ішінде 9 ұзақ мерзімді (2020-2022 жылдар) жобаны іске асырады. Олар қоғамдық келісімді нығайтуға, жаңа қазақстандық патриотизм құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық орталығы жұмыс істейді.

Бірқатар жобалар (7 жоба) «Ұлттық Рухани жаңғыру» бағдарламасына енгізілді, бұл оны тиімді іске асыруға ықпал етеді.

Жалпы, облыста 200-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, олардың жалпы сомасы шамамен 3 млрд.22 млн. теңгені құрайды.

Үкіметтік емес ұйымдар «Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыруда маңызды орын алады. Олар «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» сияқты кіші жобаларда әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырады.

Әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша сұралғандардың 74,5% азаматтық қоғам институттары облыс өміріне әсер етеді деп санайды. Респонденттер қазіргі заманғы үкіметтік емес ұйымдарды өз ісінің маманы ретінде сипаттайды.

Биылғы жылы біз әлеуметтік тапсырыс ресурстарын, өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер сияқты диалогтық алаңдарды пайдалана отырып, ҮЕҰ әлеуетін дамытуды жалғастырамыз. Кейіннен нақ осы үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік өзгерістердің агенттері болуы тиіс.

Біздің үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті мен белсенді өмірлік ұстанымы болашаққа деген осындай батыл жоспарлар туралы айтуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Азаматтық қоғам институттарының этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылын кеңейтуге ерекше мән беріледі.

Этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз қарым-қатынаста құрылған.

Бүгінде өңірдегі ҚХА құрылымында 216 Қоғамдық келісім кеңесі, 189 Аналар кеңесі, жастардың 19 этномәдени ұйымы, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубы, жастардың «Ассамблея жастары» қозғалысы, ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығы, «Aibyn-Arqa» әскери-патриоттық клубы, «Еріктілер лигасы» ұйымы және тағы да басқа ұйымдар жұмыс атқарып келеді.

Облыстың 4 жетекші жоғары оқу орындарының базасында ҚХА кафедралары ашылып, табысты жұмыс істеуде.

Облыс бойынша 5 Достық үйі жұмыс істейді.

Өңірдің мәдени өміріне этномәдени бірлестіктерінің 100 шығармашылық ұжымы өз үлестерін қосуда.

287 медиатор жұмыс істейді.

ҚХА қызметінің бағыттарына тоқталсақ, оның негізгі жобаларында төрт бағыт көрініс тапқан, атап айтсақ:

- Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру;

- Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени дәріптеу;

- Полиэтникалық Қазақстан: этномәдени генезис;

- Этносаралық ортадағы ықтимал қақтығыс көріністерін қабылдамай, қарсы болуға бағытталған әлеуметтік ұстанымдарды қалыптастыру арқылы медиация институтын дамыту.

Есепті 2021 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдарының қатысуымен 90 мыңнан астам адам қамтылған 400-ге жуық түрлі форматтағы іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, фестивальдар, конкурстар, оның ішінде онлайн форматтағы іс-шаралар) өткізілді.

Облыстың этномәдени бірлестіктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді меңгеруге, үйренуге елеулі үлес қосуда. 

Достық үйлерінің жанынан қазақ халық шығармашылығын дәріптеу, мемлекеттік тілді үйрену орталықтары құрылған. Мәселен, «Күй-керуен» орталығы, «Арканың ақындар мектебі», «Қазақтану» кабинеті танымал. Есеп беру кезеңінде 80 адам оқытылған «Мәміле» жағдаяттық ауызекі қазақ тілі клубы өзін табысты көрсете білді.

ШОБ саласында мемлекеттік тілді көпшілікке тарату үшін ұйымдастырылған «Мен қазақ тілінде қызмет көрсете аламын» және «Мен қазақша сөйлей аламын» конкурстары өңір жұртшылығы тарапынан көптеген оң пікірлер мен қолдауға ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің көптеген өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде қатысады, ел басшылығының өңір алдына қойған міндеттерін шешуге елеулі үлес қосады.

Жалпы, ішкі саясат саласында қабылданатын шаралар кешені өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуал туралы айтуға мүмкіндік береді.

2022 жылдың басы барлық қазақстандықтар үшін «қайғылы қаңтар» оқиғаларымен белгілі. Биылғы жылы Басқарманың қызметі, ең алдымен, Мемлекет басшысының «Қайғылы қаңтар» сабақтары: қоғам бірлігі – Тәуелсіздік кепілі» атты баяндамасында қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталады. Ішкі саяси тұрақтылықтың басты және маңызды рөлі – осы оқиғалар бізге берген басты сабақ. 

2022 жылғы оқиғалар қатарына Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы, ҰҚШҰ құрылғанына 30 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл сияқты атаулы күндер енді.

Сондай-ақ, биыл С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 90 жылдығы  атап өтілетінін айта кеткен жөн.

Биыл Қазыбек биге 355 жыл, Ғабиден Мұстафинге 120 жыл, жерлесіміз Шолпан Жандарбековаға 100 жыл және Ақселеу Сейдімбековке 80 жыл толады.

Өткен жыл бәріміз үшін оңай болған жоқ. Коронавирус пандемиясы жоспарларға көптеген түзетулер енгізді.

Биылғы жыл өте мазмұнды және өте жауапты жыл болмақ.

Белсенді азаматтық ұстаныммен алға қойылған міндеттерді шешуде біздің сенімді серіктесіміз болған, барлық іс-әрекеттерімізді бағалай отырып, өз көзқарасын білдірген, сол арқылы біздің қызметімізге дұрыс бағыт берген өңір жұртшылығына алғысымызды білдіреміз.

Біз баршаңызды Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың төңірегінде топтасып, оның алға қойған міндеттерін шешу үшін бар күш-жігерді жұмсауға шақырамыз. Біздің күшіміз – бірлікте!

 

Ішкі саясат басқармасының басшысы                                            Е.Құсайын

 

Дата публикации
29 января 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы