Меню

Страницы

Статья

Шахтинск қаласындағы отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

     

Отбасы күні қарсаңында Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Косолаповтар әулеті Қарағанды облысының үздік отбасы деп танылды.

Биыл Қазақстанда 17 жеңімпазды марапаттау рәсімі ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн түрде өтті.

Мемлекет басшысының дипломын, мүсіншені және ақшалай сертификатты Қарағанды облысынан конкурс лауреатына өңір басшысы Жеңіс Қасымбек тапсырды.

Міне, бірнеше жыл бойы біз барлық қазақстандықтарға нағыз отбасылық құндылықтардың, еңбекқор, ұйымшыл, тату отбасының үлгісін көрсету үшін үлгілі отбасыларды таңдап келеміз. Жалпы еңбек өтілі 365 жылдан асатын, бай еңбек тарихы бар кеншілер әулетін біздің облысымыздан жеңімпаз ретінде көріп отырғанымызға қуаныштымыз, – деді ол.

Косолаповтар отбасы – төрт ұрпаққа тараған кеншілер болып табылады. Отағасы Валерий Косолапов Ленин атындағы шахтада тік ұңғылардың үңгілеушісі, ал жұбайы Людмила Волокитина – аға табельші болып жұмыс істейді. 18 жыл бұрын неке құрған және қазіргі күні екі ұл тәрбиелеп отыр.

Біз осыған дейн де «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан болатынбыз. 2017 жылы қалалық турда бірінші орын алдық, – дейді Людмила Волокитина. – Бұл жолы жеңіс біз үшін күтпеген оқиға болды. Себебі мықты және осы атауға лайықты қарсыластар көп болды. Біз қарапайым тату және көпұлтты отбасымыз. Бізде дәстүр сабақтастығы сақталған. Балаларды отбасылық құндылықтар рухында тәрбиелейміз.

Жеңімпаз отбасының айтуынша, олардың шаңырақтарында орнаған бақытты некенің басты құпиясы – өзара көмек пен түсіністік. Ерлі-зайыптылар үйленіп, балалары болғаннан бері олар «мен» сөзін ұмытып, оны «біз» дегенге ауыстырған.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, сондай-ақ отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Ол Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.

Дата публикации
13 сентября 2021
Дата обновления
13 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы