Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері

Отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және ұқыптылықпен қарауды, елдің басты атрибуттарын насихаттау және қолдану саласындағы білімді тереңдетуді тәрбиелеу тақырыбында 2021 жылдың 08 шілдесінде Қарағанды облысы ішкі саясат Басқармасының ұйымдастыруымен семинар өтті.

      ZOOM платформасы арқылы өткен семинар жұмысына қоғамның, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Семинар модераторы Шахмарал Кабулова мемлекеттік органдар үшін еліміздің басты атрибуттарын қолдану және пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстарды атап өтті. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қасымов: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолданудың, дайындаудың, орнатудың құқықтық негізі» тақырыбында баяндама жасап және де мемлекеттік рәміздерді жасаушыларға қойылатын міндетті талаптар туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын қолдану, орнату, орналастыру кезіндегі талаптар туралы айтып берді.

     Семинар барысында ашық диалог өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Дата публикации
12 июля 2021
Дата обновления
12 июля 2021
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы