Қарағанды облысы әкімдігінің
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытынды
2020 жыл
(есептік кезең)
|
№ п\п |
Бағалау өлшемшарты/көрсеткіші |
Ұпайлар |
Жоғары ұпайлар |
|
1 |
Персоналды басқару |
87,5 |
100 |
|
1.1 |
Мемлекеттік органның кадр әлеуеті |
23,46 |
30 |
|
1.2 |
Еңбекті ұйымдастыру |
24,65 |
30 |
|
1.3 |
Меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет |
39,39 |
40 |
|
2 |
Ақпараттық технологияларды қолдану |
89,85 |
100 |
|
2.1 |
Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу |
23,72 |
30 |
|
2.2 |
«Ақылды» қалалар бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу |
16 |
20 |
|
2.3 |
Ақпараттық жүйелер мен деректер қорындағы мәліметтердің өзектілігі |
23,5 |
25 |
|
2.4 |
Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру |
23,83 |
25 |
|
2.5 |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі |
5 |
5 (бонустық) |
|
2.6 |
Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы |
0 |
-15 |
|
Жалпы ұпай[1] |
88,68 |
88,68 |
|
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы блогы» бойынша операциялық бағалау персоналды басқару және ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Бағалау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 76/НҚ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 39 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізілген.
Бағалау объектісі бағаланатын Қарағанды облысы әкімдігінің (бұдан әрі – Әкімдік) және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі болып табылады.
«Персоналды басқару» бағыты бойынша операциялық бағалау мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті, еңбекті ұйымдастыру, меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылды.
Бағалау өлшемшарттары бір-бірімен өзара байланысты және олар мемлекеттік органдарда персоналды басқару тәжірибесін жақсартуға, мемлекеттік қызмет реформаларын сапалы іске асыруға, ұжымда жоғары еңбек тәртібінің деңгейі мен моральдық-психологиялық климатты сақтауға бағытталған.
Қорытындыны даярлау үшін бастапқы деректер ретінде Әдістеменің 6-тармағының 9-тармақшасына сәйкес ұсынылған Әкімдіктің есептік ақпараты (2021 жылғы 15 ақпандағы № 11-8/1374 шығ.хаты) және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталының (бұдан әрі – Архитектуралық портал) ақпараты пайдаланылды.
Бұдан әрі Әдістеменің өлшемшарттары бойынша Әкімдік қызметінің талдауы келтірілген.
Кадрлардың ауыспалығы мемлекеттік органдар іске асыратын кадр саясатының тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштің бірі болып табылады.
2020 жылғы есептік ақпаратқа сәйкес, Әкімдікте басқарушы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа нақты саны – 237 бірлікті, басшылық емес лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің орташа нақты саны – 430 бірлікті құрайды.
Бұл ретте, 39 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен жұмыстан шыққан,оның ішінде: 12 басшы құрамдағы, 27 орындаушылық құрамдағы қызметкерлер.
Осылайша, қызметкерлердің таза ауыспалығы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа нақты санынан 5,8% құрайды.
Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда кадрлар кету деңгейінің төмендеуі байқалады (2019 ж. – 8,8%).
Әдістемеге сәйкес, көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Көрсеткіш мемлекеттік органдарды білім сабақтастығын және институционалдық жадыны сақтауды қамтамасыз ете отырып, барынша кәсіби қызметкерлерді ұстап қалуды ынталандырады.
Әкімдіктің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің орташа нақты санынан (667 бірлік) үздіксіз 3 жылдан астам 422 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, яғни 63,3%-ды құрайды. Бұл нәтиже кәсіби және тәжірибелі кадрларды ұстап қалу және оларды жетілдіру бойынша тиісті жұмыстың жеткіліксіз түрде жүргізілетіндігін көрсетеді.
Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда кадр құрамының тұрақтылығы көрсеткішінің жоғарлауы байқалады (2019 ж. - 62%).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 3,29 ұпайды құрайды.
Шығу сұхбатын қолданутәжірибесі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік орган жүйесінен кадрлардың кету себептерін анықтауға және ондай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде Әкімдіктемемлекеттік қызмет және мемлекеттік орган жүйесінен шыққан 39 қызметкершығу сұхбатын толтырған, бұл 100% - ды құрайды (2019 ж. -100 %).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпай құрайды.
Бағалау параметрлері 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында айқындалған биліктің атқарушы, өкілді және мемлекеттік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің 30% өкілдігін қамтамасыз ету бойынша көрсеткішті ескере отырып белгіленді. Көрсеткіш басқарушы лауазымдарға тағайындалуда ерлер мен әйелдердің тең қолжетімділігін бағалайды.
Әкімдікте басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің орташа нақты саны 237 адамды құрайды, оның ішінде
119 лауазымды әйелдер атқарады, бұл 50,2%-ды құрайды.
Сондай-ақ алдыңғы есептік кезеңдермен салыстырғанда мемлекеттік органда басшы лауазымдарға тағайындау кезінде гендерлік теңдікті сақтаудың төмен көрсеткіші байқалады (2019 ж. -54%).
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпайды құрайды.
Көрсеткіш бойынша бағалау мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами капиталдың сапасын жақсартуға бағытталған.
Есептік деректерге сәйкес 2020 жылы Әкімдікте мынадай мемлекеттік қызметшілер еңбек етеді:
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің орташа нақты санының
(667 бірлік) 3,6% (23 адам) ғылыми дәрежелері мен үздік жоғары оқу орындарының дипломдарына ие.
Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда персонал құрамының сапасын арттырудың оң/теріс динамика байқалады (2019 жылы – 3,15%).
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 0,17 ұпайды құрайды.
«Мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті» өлшемшартының жоғарыда аталған көрсеткіштері бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 30 ұпайдан 23,46 ұпайды құрайды.
1.2.1. «Еңбектің нормалануы» көрсеткіші
Мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізу осы көрсеткіш бойынша бағалау құрауышы болып табылады.
Сауалнамаға қатысқандардың 99% басшылықтың жазбаша өкімінсіз жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыста кідірмегенін атап өтті.
Әкімдік қызметшілерінің 99% басшылықтың жазбаша өкімінсіз жұмыста кідірмеген және ондай жағдай болса артық жұмыс жасау ұзақтығы орта есеппен 30 минутқа дейін (1 сағатқа дейін/2 сағат немесе одан артық) болған.
100% жыл бойында басшылықтың жазбаша өкімінсіз демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шықпаған.
Қызметкерлердің 100% қашықтық жұмыс режимінде (икемді кесте) артық жұмыс жасамағанын атап өтті.
Әдістемеге сәйкес, көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 9,92 ұпайды құрайды.
1.2.2. «Еңбек жағдайына қанағаттану» көрсеткіші
Сауалнамаға қатысқандардың 97% өзінің мемлекеттік органдағы жұмысына қанағаттанған.
Сауалнамаға қатысқандардың 98% өздерінің кәсіби міндеттерін орындау үшін барлық қажетті техникалық жабдықтардың (ұйымдастыру техникасы, кеңсе керек-жарақтары, жарықтандыру және т.б.) жеткілікті көлемде бар екенін көрсетті.
96% қызметкердің жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін жеткілікті уақыт бар.
99% қызметкердің жұмысты орындау үшін қажетті барлық ақпараттық жүйелерге үздіксіз қол жеткізе алады.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,87 ұпайды құрайды.
1.2.3. «Мемлекеттік органдағы басқару тәжірибесі» көрсеткіші
Сауалнама нәтижесі Әкімдікте ұжымдағы қарым-қатынас пен кері байланысты басқарудың реттелген процесін көрсетті.
Осылайша, қызметшілердің 99% кәсіптік мәселелер бойынша мемлекеттік органның басшысына еркін жүгінуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сауалнамаға қатысқандардың 98% басшылық олардың жетістіктерін еңбегіне қарай әділ бағалайды деп есептейді.
95% олардың бөлімшесінде қажетті жұмыс көлемін орындау үшін қызметкерлердің саны жеткілікті деген пікірмен келіседі.
Қызметшілердің 97% өздерінің мемлекеттік органдарында орындаушылар арасында тапсырмалар теңдеңгейде бөлінеді деп есептейді.
98% қызметшілертапсырмалардың анық түсіндіріле отырып берілетінін, оларды қолжетімді тұрғыда алатынын көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 97% күн сайын өздеріне тапсырылған жұмысты еркін аяқтап үлгеретінін атап өтті.
Сауалнама нәтижелері бойынша Әкімдікте басқару тәжірибесіне қанағаттану деңгейінің шоғырландырылған деректері 97,3% құрайды ((99%+98%+95%+97%+98%+97%)/6).
Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда Әкімдікте басқару практикасына қанағаттану деңгейінің оң динамикасы байқалады (2019 ж. -89%).
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,86 ұпайды құрайды.
1.2.4. «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту» көрсеткіші.
Осы көрсеткіш шеңберінде кадр құрамының кәсібилігін арттыру бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі бағаланады.
Әкімдік өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жоспарды қамтамасыз етті. Осы ретте Әкімдіктің 201 мемлекеттік қызметшісі біліктілігін арттыруға тиіс болды, оның ішінде қызметкерлердің 67%- белгіленген мерзімде біліктілігін арттырудан өтті (2019 ж. - 92%).
Сондай-ақ, қайта даярлау курстарында 60 қызметкер оқытылуы тиіс болатын,олардың 59 тиісті оқытудан өтті, яғни 98,3%(2019 ж. - 100%).
Әдістемеге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді оқыту мерзімдерін бұзудың (белгіленген мерзімнен кеш немесе біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өтпеудің) әрбір фактісі үшін мемлекеттік органға 1 айыптық ұпайы беріледі, бірақ 5 ұпайдан аспайды. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мерзімдерді бұзүдың 84 фактісі анықталғаннан кейін Әкімдікке осы көрсеткіш бойынша
5 айыппұл ұпайы беріледі.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау 5 мүмкін болатын ұпайдан 0 ұпайды құрайды.
1.2.5. «Стратегиялық кадрлық жоспарлау» көрсеткіші
Осы көрсеткіш Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
21 қазандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Персоналды басқару қызметі
(кадр қызметі) туралы үлгілік ережеге сәйкес Персоналды басқару стратегиясының болуын бағалайды.
Есептік ақпаратқа сәйкес Әкімдікте 2020 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Үлгілік ережеге сәйкес Персоналды басқару стратегиясы жұмыс істейді.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 5 ұпайды құрайды.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша «Еңбекті ұйымдастыру» өлшемшартын қорытынды бағалау мүмкін болатын 30 ұпайдан 24,64 ұпайды құрайды.
Бұл көрсеткіш мемлекеттік органда бос лауазымдарға орналасу байқаушылардың қатысуымен және бейнетіркеумен өткізілген конкурстардың санын бағалауға негізделген іріктеу рәсімдерінің ашықтық деңгейін айқындайды.
Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес 2020 жылы бос лауазымдарға орналасу үшін 146 конкурс өткізілген, олардың ішінде үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің 100% тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өткен (2019 ж. - 100 %).
Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 54-тармағына сәйкес, техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен әрбір кандидатпен әңгімелесу барысын тіркеу, эссе жазу, сондай-ақ өзге де іріктеу құралдарын өткізу 2020 жылғы наурыздан бастап міндетті рәсім болды.
Осылайша, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде бейнетіркеу міндеттілігі енгізілген сәттен бастап бос лауазымдарға орналасуға 100 конкурс өткізілген, оның 100% бейнетіркеумен өткен, бұл конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етудің жоғары деңгейін куәландырады.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда кадрларды қабылдау мен ілгерілетудің қолданыстағы жүйесіне қатынасын анықтау үшін оларға сауалнама аясында бірқатар тұжырымдарға жауап беру ұсынылды.
Әкімдік қызметшілерінің жауаптарын өңдеу нәтижесі сауалнамадан өткендердің 98% қызметкерлерді мемлекеттік органда жұмысқа қабылдау рәсімі әділ және айқын деген пікірмен келіскен.
Жұмысқа талантты және білікті қызметкерлерді қабылдау тұжырымымен келіскендердің үлесі 97% құрады.
Сауалнамаға қатысқандардың 98% мемлекеттік органдағы қызметшілер жұмыста мансаптық көтерілуге лайықты деп (қолдаусыз немесе патронажсыз) және 97% өз лауазымдық міндеттерімді уақытында және сапалы орындаған жағдайда менің мемлекеттік органымда қызмет бойынша жоғарылауым мүмкін деп есептейді.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 9,74 ұпайды құрайды.
Бұл көрсеткіштің өзектілігі мемлекеттік қызметшілердің мансабын жоспарлау болып табылады, бұл мемлекеттік орган ішіндегі сабақтастықты сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Жалпы, Әкімдікте басқа мемлекеттік органдардан ауысқан қызметшілерді ескере отырып, жоғары тұрған лауазымдарға 40 адам тағайындалды, олардың ішінде мемлекеттік орган ішіндегі мансап бойынша ілгерілегендер – 37(92,5%).
Бұл өңірде меритократия қағидатының жоғары деңгейде іске асырылуын анықтайды. Бұл көрсеткіш 2019 ж.–72,5%-ды құраған.
Осылайша, Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 10 ұпайдан 10 ұпайды құрайды.
Материалдық және материалдық емес сипаттағы көтермелеуді әділ жолмен бөлу меритократияның басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізу арқылы олардың осы рәсімдерді қабылдауы өлшенеді.
Өткізілген сауалнама келесі нәтижелерді көрсетті:
Респонденттердің 96% мемлекеттік органда қабылданған ынталандыру шараларына (материалдық ынталандыру) қанағаттанған.
Бұл ретте Әкімдік қызметкерлерінің 97% мемлекеттік органда матералдық ынталандыру әділ және айқын деп санайды.
Сауалнамаға қатысқандардың 97% материалдық емес көтермелеу шаралары (марапаттар, грамоталар, алғыстар, құрмет тақтасы) мемлекеттік органда әділ қолданылатынын атап өткен.
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,84 ұпайды құрайды.
Әдеп және ұжымдағы өзара қарым-қатынас бойынша жүргізілген сауалнама мынадай нәтижелерді көрсетті:
Әкімдік қызметшілерінің 99% басшылық тарапынан бағынушыларға әдепсіз (дөрекілік, қорлау, әдепсіз тіл, қол көтеру) әрекеттер орын алмағандығын көрсеткен;
респонденттердің 99% әріптестер арасында әдепсіз әрекеттер жоқтығын атап көрсеткен;
98% ұжымдағы атмосфераны қолайлы деп санайды;
89% жұмыс барысында дөрекі сөздерді қолданып қатты дауыстап сөйлеудің куәгері болмағанын көрсеткен;
Әдістемеге сәйкес көрсеткіш бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 5 ұпайдан 4,81 ұпайды құрайды.
«Меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет» өлшемшартының барлық көрсеткіштері бойынша қорытынды бағалау мүмкін болатын 40 ұпайдан 39,39 ұпайды құрайды.
Әкімдік қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогының «Персоналды басқару» бағыты бойынша 2020 жылы мүмкін болатын 100 ұпайдың 87,5 ұпайын құрады.
Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 15,57 ұпайға өсу динамикасы байқалады. 2019 жылы 71,93 ұпай болған.
Әдістемеге сәйкес алынған бағалау нәтижесі Әкімдік қызметі тиімділігінің орташа дәрежесін куәландырады.
«Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша мемлекеттік органдардың архитектуралық порталын толтыру дәрежесі бағаланады және бағаланатын жылдың соңғы күнтізбелік күні кезеңінде сервистік интегратор ұсынған ақпаратқа сәйкес жүргізіледі. Бағалау Әдістеменің 15-қосымшасына сәйкес архитектуралық порталында құжаттар пакетін және ақпараттық жүйелер (бұдан әрі – АЖ) туралы қажетті ақпаратты орналастыруға мемлекеттік органдарды ынталандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Cервистік интегратормен есептік кезеңде мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың АЖ тексеру жүргізілді. 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 11-8/6591 шығыс хатымен расталып, жүргізілген жұмыстарға сәйкес есептік кезеңде Әкімдікпен Архитектуралық порталында 15 АЖ бекітілген.
Әдістеменің 15- қосымшасына сәйкес Архитектуралық порталында АЖ туралы нормативтік-техникалық құжаттаманы орналастыру бойынша Әкімдікпен келесі іс-шаралар жүргізілмеген:
1-кесте
|
№ |
АЖ атауы |
АЖ аббревиатурасы |
Орналастырылмаған деректер |
Бағалау ұпайы (%) |
|
1. |
«Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ОБДҚ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
2. |
«Облыс Әкімінің аналитикалық жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ОӘАЖ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
3. |
«Серверлік орталықтың қосымшалары мен қызметтерінің базалық кешені» Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бірыңғай кешенді жүйе шлюзі |
БКЖ шлюзі ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
4. |
«Жергілікті бюджеттердің атқарылуының Қаржылық мониторингі (Қаржы Үйі)» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ААЖ Қаржы Үйі |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
5. |
«Е-Әкімдік жүйесінің бағдарламалық өнімдеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесі» ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
Бірыңғай кіру нүктесі АЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
6. |
«Халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының мониторингі (ХТТ)» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
«Баға мониторингі» ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
7. |
«Әкімдік қызметін жоспарлау және басқару» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ӘҚЖБ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
8. |
«Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» |
ЭҚП ААЖ |
Бағдарламалық өнім архитектурасы, АКТ жобалары, өмірлік цикл мәртебесі |
93 |
|
9. |
«Аймақтық болжам картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
АБК ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
10. |
«Персоналды басқару жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ПБЖ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
11. |
«Жер учаскелерін есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
ЖУЕА ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
12. |
«Коммуналдық меншікті есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
КМЕА ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
13. |
«Сайлаушылар тізімін қалыптастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
Сайлау ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
14. |
«Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
ДШСМ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
|
15. |
«Log Book» Электрондық құжат айналымы жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «Log Book» Электрондық құжат айналымы жүйесіне арналған электрондық құжаттар мұрағаты» модулі (БКЖ шағын жүйесі) |
ЭҚАЖ ААЖ |
АКТ жобалары, Өмірлік цикл мәртебесі |
95 |
Әдістеменің 4-тарауы 1-параграфының 59-тармағына сәйкес, егер бағаланатын мемлекеттік орган ЖАО болып табылса не бағаланатын мемлекеттік органда архитектураны әзірлеу жөніндегі жұмыстар есептік кезеңнен кейінгі жылға жоспарланған болса, онда жоғарыда көрсетілген коэффициент 30-ға тең. Мұндай жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган архитектураны әзірлеуге, дамытуға есептік кезеңде қол қойылған ресми коммерциялық ұсыныстың растайтын құжатын – скан-көшірмесін қоса беруі қажет.
Осылайша, жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, бекітілген архитектураның не есептік кезеңде қол қойылған ресми коммерциялық ұсыныстың қоса берілген скан-көшірмесінің болмауына байланысты осы өлшем бойынша коэффициент 25-ке тең.
Осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
«Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша қорытынды ең жоғарғы 30 ұпайдан 23,72 ұпайды құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша бағалау алғаш рет жүргізіледі. Өлшемшарт бағаланатын жергілікті атқарушы органдарда «ақылды» қалалар бастамаларының іске асырылу деңгейін анықтауға және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін «ақылды» қалалар эталондық стандартына сәйкес түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.
«Ақылды» қала-қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, сондай-ақ мәдени аспектілерге қатысты қажеттіліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, өмір сүру сапасын, қала қызметінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін АКТ және басқа да құралдарды пайдаланатын инновациялық қала.
«Ақылды» қалаларды құру кезінде ЖАО қала өмірінің 11 саласынан тұратын 3 бағыт (Басым бағыттар, қосымша бағыттар, АКТ бағыттары) шеңберінде цифрлық бастамаларды іске асыру жолымен қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге шоғырландыру ұсынылады:
Басым бағыттар:
Қосымша бағыттар:
АКТ бағыты:
ЖАО-ның «ақылды» қалаларды (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) құруға Әдістемелік ұсынымдар бойынша бағалауы шеңберінде өмірдің барлық салалары шеңберінде әрбір көрсеткішке қол жеткізу дәрежесі есебі жүргізілді.
2-кесте
|
№ |
Бағыттың атауы |
Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізудің орташа % |
|
Басым (GБ) |
||
|
1 |
Денсаулық сақтау |
93,6 |
|
2 |
Білім |
100 |
|
3 |
Қауіпсіздік |
47,4 |
|
4 |
ТҮКШ |
41,6 |
|
5 |
Көлік |
44,9 |
|
6 |
Қаланы басқару |
97,5 |
|
Қосымша (GҚ) |
||
|
7 |
Экология |
46,5 |
|
8 |
Құрылыс |
100,0 |
|
9 |
Бизнес пен туризмді дамыту |
40,1 |
|
10 |
Әлеуметтік сала |
87,7 |
|
АКТ (GАКТ) |
||
|
11 |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
69,4 |
2-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, келесі есептеулер жүргізілді:
Бұдан басқа, Әдістеменің 4-тарауы 3-параграфының 69-тармағына сәйкес осы өлшем бойынша қорытынды мәнді 20 салмақтық мәнге келтіру қажет:
Осылайша, «Ақылды «қалалардың бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 20 ұпайдан 16 ұпайды құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша бағалау басқарушы және басқа да шешімдер қабылдаған кезде, жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдардың қызметінің үздіксіз жұмыс істеуі барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін АЖ мен деректер қорларындағы мәліметтердің толық өзектілігін бағаланатын мемлекеттік органдарды қолдап отыру үшін ынталандыруға бағытталған.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ «Ақпараттандыру туралы» заңының 9-бабының 4-тармақшасына және
10-бабының 4-тармақшасына сәйкес орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ ЖАО электрондық ақпараттық ресурстарды толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, осы өлшемшарт бойынша Әкімдік ұсынылған есептік деректердің анықтығы мен өзектілігін растайды.
3-кестеде әрбір АЖ бойынша мәліметтердің өзектілік деңгейі көрсетілген:
3-кесте
|
№ р/с |
АЖ атауы |
Мәліметтер өзектілігінің ағымдағы деңгейі |
|
1 |
«Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
100% |
|
2 |
«Персоналды басқару жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
80% |
|
3 |
«Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
4 |
«Әлеуметтік маңызы бар халық тұтынатын тауарлар (ХТТ) бағасының мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
5 |
«Әкімдіктің қызметін жоспарлау және басқару» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
90% |
|
6 |
«Облыстың Бірыңғай диспетчерлік қызметі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
7 |
«Жергілікті бюджеттердің атқарылуының қаржылық мониторингі (Қаржы үйі)» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
8 |
«Коммуналдық меншікті есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
80% |
|
9 |
Бірыңғай Кешенді Жүйе Шлюзінің «Серверлік орталық қосымшаларының және қызметтерінің базалық кешені» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
100% |
|
10 |
«Облыс әкімінің талдау жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
11 |
«Аймақтық болжам картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
80% |
|
12 |
«Е-Әкімдік жүйесінің бағдарламалық өнімдеріне қол жеткізу үшін бірыңғай нүкте» ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
13 |
«Жер учаскелерін есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (БКЖ шағын жүйесі) |
90% |
|
14 |
«Log Book» электрондық құжат айналымы жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «Log Book» электрондық құжат айналымы жүйесіне арналған электрондық құжаттар мұрағаты» модулі (БКЖ шағын жүйесі) |
100% |
|
15 |
«Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі |
90% |
Осылайша, осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
«Ақпараттық жүйелер мен деректер қорындағы мәліметтердің өзектілігі» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 25 ұпайдан 23,5 ұпайды құрайды.
Аталған өлшемшарт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстарды кешенді зерделеуге бағытталған.
Есептік деректерге сәйкес Әкімдікте ішкі нормативтік актімен бекітілген автоматтандыруға жататын функциялардың тізбесі бар, оған қатысты осы өлшемшарт бойынша 149 функция есепке алынған.
Әкімдіктің АЖ немесе оның ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының АЖ арқылы 79 функция автоматтандырылған.
Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер арқылы, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделі шеңберінде іске асырылған сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы бірде-бір функция автоматтандырылмаған.
Басқа мемлекеттік органның, не оның ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының АЖ арқылы 63 функция автоматтандырылған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде іске асырылған АЖ арқылы бірде-бір функция автоматтандырылмаған.
Жоғарыда көрсетілген фактілерді назарға ала отырып, осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
«Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 25 ұпайдан 23,83 ұпайды құрайды.
Аталған өлшемшарт бойынша бағалау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын бағаланатын мемлекеттік органның және оның ведомстволық, ведомстволық бағынысты ұйымдарының АЖ-дегі жергілікті қамтудың үлесін анықтауға бағытталған.
Есептік деректерге сәйкес № 931240000419/200023/00 (10),
№ 931240000419/200022/00 (06), № 931240000419/200021/00 (05),
№ 931240000419/200024/00 (11), № 931240000419/200027/00 (08),
№ 931240000419/200019/00 (18), № 931240000419/200025/00 (12),
№ 931240000419/200026/00 (07), № 931240000419/200028/00 (13),
№ 200740018267/200006/00 (6), № 140140004866/200016/00 (15),
№ 940840000112/200084/00 (17), № 931240000419/200029/00 (09),
№ 200740018267/200005/00 (5) шарттары бойынша жергілікті қамту деңгейі
100%-ды құрайды. Сондай-ақ, Әкімдік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-дан растайтын құжатты ұсынды.
Осылайша, осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі» өлшемшарты бойынша қорытынды баға ең жоғары 5 ұпайдан 5 бонустық ұпайды құрайды.
«Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың болуы» өлшемшарты бойынша бағалау мемлекеттік органдар ие болып отырған ақпараттық активтердің көлемін және осындай активтерге иелік етудің құнын оңтайландыру мақсатында, бағаланатын мемлекеттік органның автоматтандыру кезінде қолданылмайтын функцияларын немесе ол көрсететін қызметтерді, АЖ мен дерекқорларын анықтауға бағытталған.
Есептік деректерге сәйкес Әкімдік теңгерімінде қолданылмайтын АЖ жоқ.
Осылайша, осы өлшемшарт бойынша есептеу келесідей жүргізіледі:
Осыған байланысты, «Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы» өлшемшарты бойынша 0 ұпай беріледі.
Айыппұл ұпайлары туралы мәлімет
Әкімдіктің ұсынған есептік деректері негізінде сәйкессіздіктің келесі фактілері анықталды:
Шегеру: 2 ұпайды құрайды.
Шегеру: 0,2 ұпайды құрайды.
Жалпы шегеру: 2+0,2=2,2 ұпайды құрайды.
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогындағы «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігін жалпы бағалау -2,2 айыппұл ұпайдың шегеруін ескере отырып, ықтимал болатын 100 ұпайдан 89,85 ұпайды құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫМДАР:
«Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогы бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау 88,68 ұпайды құрайды. Әдістемеге сәйкес алынған бағалау нәтижесі осы блок бойынша қызмет тиімділігінің орташа дәрежесін куәландырады.
«Персоналды басқару» бағыты бойынша Әкімдікте бірқатар өлшемшарттар бойынша оң көрсеткіштер байқалады.
Оларға мыналар жатады: ауысымдылық, демалыс сұхбатын өткізу, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, кадрлық стратегиялық жоспарлау.
Алайда, келесі мәселелер атап өтіледі.
Бірінші. Гендерлік теңгерімді сақтау.
Өткен есепті кезеңдермен салыстырғанда (2019 ж. – 54%) көрсеткіштің төмендеуі байқалады (50,2%).
Екінші. Кадрлық құрамның тұрақтылық деңгейі бойынша.
Осы көрсеткіш бойынша жыл сайын жақсару байқалатынына қарамастан (2019 жылғы 62% – дан 2020 жылы 63,3% - ға дейін) сауалнама қорытындылары сұратылған қызметшілердің 7,8% - ы арасында Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарынан шығуға (мемлекеттік қызмет жүйесінен-15 адам немесе (2,6%), басқа мемлекеттік органға көшуге 30 адам немесе (5,2%) ниет бар екенін куәландырады.
Бұл кадрлардың ауысымдылығын ұстап қалу және олардың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнінде одан әрі шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Үшінші. Қызметкерлердің сапалық құрамы.
Әлі де «Болашақ» бағдарламасы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің, ғылыми дәрежесі бар тұлғалардың және т. б. төмен пайызы байқалады.
Төртінші. Басқару тәжірибесін жақсарту қажет.
Осы өлшем бойынша толық талдау 2.3-тармақта келтірілген. қорытынды шығарады және әкімдіктің ішкі жұмысын одан әрі жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.
Бесінші. Еңбекті нормалау бойынша.
Еңбекті нормалау бөлігіндегі сауалнама нәтижелерінде респонденттердің жауаптарында бірізділіктің жоқтығын көрсетеді.
Мысалы, сауалнамаларда сұралғандардың 11-і жұмыста кешіктірілетіндігін көрсеткен (2 - күн сайын, 2 - аптасына бірнеше рет, 7 – айына бірнеше рет), ал 18 респондент басшылықтың жазбаша бұйрығынсыз кешіктіріледі (2 сағатқа дейін және одан көп – 2, 1 сағатқа дейін – 4, 30 минутқа дейін-12). Сонымен қатар, 6 адам демалыс немесе мереке күндері басшылықтың жазбаша бұйрығынсыз шықты, ал 4 мемлекеттік қызметші қашықтықтан (икемді жұмыс кестесі бар) жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуге тура келді.
Сондай-ақ, сауалнама қажетті жұмыс көлемін орындау үшін қызметкерлердің жеткіліксіз саны бар екенін көрсетіп, оның қайта өңдеуді тудыруы мүмкін. Бұған сондай-ақ орындау мерзімі қысқа хаттардың (тапсырмалардың) түсуі ықпал етуі мүмкін (қызметшілердің 29% сенеді).
Алтыншы. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту деңгейі бойынша.
Мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқытуды жүргізу мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудің қажетті шарты болып табылады.
Осыған байланысты, қызметшілердің біліктілігін арттырумен және қайта даярлаудан өтетіндердің қатарынан 100%-дық қамтуды ғана емес, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімде уақтылы оқытуды қамтамасыз ету қажет.
Жетінші. Меритократия және мансаптық өсу қағидаттарын сақтау деңгейі бойынша.
Оң нәтижелермен қатар, бағалау қорытындылары Әкімдіктің кадр саясатын іске асыруы кезінде осы қағидаттарды күшейту қажеттігін көрсетеді.
Сегізінші. Мемлекеттік органда көтермелеудің ашықтығы, сондай-ақ ұжымдағы әдеп пен өзара қарым-қатынас деңгейі бойынша.
Респонденттердің көпшілігі Әкімдіктің жұмысын оң бағалады.
Сонымен қатар, барлық қызметкерлер қабылданған ынталандыру шараларына қанағаттанбайды.
Респонденттердің 1% мемлекеттік органдағы материалдық көтермелеу жүйесі әділ және ашық деп есептемейді.
Сондай-ақ, этикалық нормалар мен стандарттарды сақтамау жағдайларын көрсету бойынша жекелеген мәселелер бар, бұл осы қорытындының 3.5-тармағында көрсетілген.
Осылайша, жоғарыда аталған сұрақтар қорытынды бағалауға әсер етті.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Әкімдікке мыналар ҰСЫНЫЛАДЫ:
Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстар адами ресурстарды басқару бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен, жалпы Әкімдіктің персоналды басқару деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Есептік кезеңде Әкімдікте ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі тиімділіктің орташа деңгейін көрсетеді.
Алдыңғы есептік кезеңде (2019 жыл) жалпы ұпайы осы бағыт бойынша 92,26 ұпай болды. Жалпы, Әкімдікте «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогының «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша мемлекеттік органның қызметін бағалауға қатысты жалпы ұпайдың теріс серпіні байқалады.
Әкімдіктің қызметін талдау келесіні көрсетті.
Бірінші. «Архитектуралық порталын толтыру бойынша мәліметтерді есепке алу» өлшемшарты бойынша 24,24 ұпайдан 23,72 ұпайға дейін төмендеу байқалады.
Екінші. «Ақылды» қалалардың бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу» өлшемшарты бойынша бағалау алғаш рет жүргізіледі, осыған байланысты өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы талдау жүргізу мүмкін емес.
Үшінші. «Ақпараттық жүйелерде және деректер базасында қамтылған мәліметтердің өзектілігі» өлшемшарты бойынша 23,57 ұпайдан 23,5 ұпайға дейін төмендеу байқалады.
Төртінші. «Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» өлшемшарты бойынша 24,85 ұпайдан 23,83 ұпайға дейін төмендеу байқалады.
Бесінші. «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамту үлесі» өлшемшарты бойынша бағалау алғаш рет жүргізіледі, осыған байланысты өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы талдау жүргізу мүмкін емес.
Алтыншы. «Қолданылмайтын ақпараттық жүйелер мен деректер қорларының болуы» өлшемшарты бойынша өткен жылдағыдай деңгей байқалады (0 ұпай).
Ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін одан әрі арттыру мақсатында төмендегілер ұсынылады:
Бірінші. Архитектуралық порталында АЖ туралы қажетті ақпарат пен құжаттар пакетін уақытылы және сапалы орналастыруды қамтамасыз ету.
Екінші. АЖ-да және деректер базасында қамтылған мәліметтердің уақтылы өзектілігін қамтамасыз ету.
Үшінші. Ережеге сәйкес функцияларды ескере отырып, автоматтандыруға жататын функциялардың тізімін жаңарту.
Төртінші. Ұсынылған есептік ақпаратты толтырудың дұрыстығы мен толықтығына назар аудару («Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» өлшемшарты бойынша 4-кесте).
[1] Әдістеменің 84-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы блогы бойынша тиімділікті бағалаудың жалпы ұпайы:
O= 0,5*87,5+0,5*89,85=88,68
Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы блогы бойынша қорытынды баға айыппұл ұпайларын шегеруді ескере отырып, мүмкін болатын 100 ұпайдан 88,68 ұпайды құрайды.