
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Жобалық кеңсе басшысы – айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы.
2020 жылы осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысында бағдарламаның 6 бағыты, 17 арнайы жобасы шеңберінде 1,855 млн. адамды қамтыған 1142 іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға, нақты міндеттерін шешуге бағытталған өңірлердегі ең үздік жобалар жинағы жасақтақтады. Аталған үздік жобалар жинағына Қарағанды облысының екі жобасы: «Ұлтқа қызмет» және «Qasym кitaphanasy» үздік болып табылды.
«Ұлтқа қызмет» жоба аясында белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар, кәсіпкерлер, спортшылар, түрлі саладағы танымал кәсіпқой азаматтардың өмірлік құндылықтары, отбасылық өмір салты туралы айтып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі туралы пікірлерімен бөліседі. «Ұлттық қызмет» жобасының қонақтары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, академик Төрегелді Шарманов, айтыскерақын Жүрсін Ерман, академик Дихан Қазмабекұлы, актер Тілектес Мейрамов, бизнесмен және меценат Ерлан Әшім және басқа да танымал тұлғалар қатысты.
«Qasym кitaphanasy» жобаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге қазақ авторлары жазған шығармалар мен шетел жазушыларының қазақша аудармаларын түгендеу, бір топтамаға біріктіру.
Бүгінгі таңға дейін 13 кітап басылып шығарылды. Жыл сайын 52 кітап шығару көзделуде.





