Меню

Страницы

Статья

Теміртауда корей мәдениетінің фестивалі өтеді

Қарағанды облысындағы корей этномәдени бірлестігіне биыл 35 жыл. Мерейтойға орай көшпелі фестиваль ұйымдастырылды. Корей мәдениетімен жақынырақ танысқысы келетіндердің барлығын 17 шілдеде Теміртау қаласының Жастар үйіне (Тищенко көшесі, 2/1) шақырады.

Фестивальдің басталуы: 11.00. Кіру тегін.

"Бұл фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына корей халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға бірегей мүмкіндік болып табылады. Бірлестік аймақтағы корей мәдениетін дамытуға және қолдауға бағытталған үлкен жұмыс жүргізуде. Сольналды (корей Жаңа жылын) мерекелеу, жастар форумдары, еріктілер акциялары сияқты көптеген іс-шаралар сәтті ұйымдастырылды", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестивальде Мугунхва халық ансамблінің шығармашылық топтары өнер көрсетеді. Әндер корей және қазақ тілдерінде орындалады. Көрермендерге дәстүрлі Корей билері мен Корей барабандарында ойнау ұсынылады.

Спортшылар кореялық жекпе-жек өнерін – таэквондоны көрсетеді. Бағдарламада әлем және Азия чемпиондары, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері өнер көрсетеді.

Дата публикации
17 июля 2024
Дата обновления
17 июля 2024
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы