Меню

Страницы

Статья

Биыл Қарағанды облысында 77 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды

Қарағанды облысында жыл басынан бері 77 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды. Олар негізінен аймаққа Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытайдан және Ресейден келеді. Олар Теміртау мен Қарағандыда тұруды жөн көреді.

Облыс орталығында қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы жұмыс істейді. Онда оларға әртүрлі көмек көрсетіледі, соның ішінде азаматтығын алуға байланысты құжаттарды рәсімдеуде заңгерлік көмек, жұмысқа орналастыру бойынша қолдау көрсетіледі.

Қазір орталықта Моңғолия азаматы Бақытбол Өнергүл тұрып жатыр. Ол бала кезінен тарихи Отанында өмір сүруді армандаған. Ақпан айында Бақытбол қандас мәртебесін алды. Ол қаланың мейрамханаларының біріне ас үй қызметкері болып жұмысқа орналасты. Жуырда Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне түсуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "қандас" мәртебесін Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы береді немесе ұзартады.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша

Дата публикации
14 марта 2024
Дата обновления
14 марта 2024
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар мен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
01 октября 2026
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және кешенді бақылауды күшейту жөніндегі семинар
Ақпарат
30 сентября 2026
«Saryarqa aqparat» ЖШС қызметкерлерімен «Медиа қызметкерлерінің қызметіндегі дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы