ӨҢІРЛІК ЖАС БАСШЫЛАР ПУЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
35 жастан аспаған,
жоғары білімі,
жəне кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары
Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі - 2 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар өңірлік резерв іріктеуіне қатыспайды
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шетелдік ұйымдарда алынған құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- соңғы жұмыс орны бойынша кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі.
Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау автоматтандырылған онлайн платформаның көмегімен жүргізіледі.
Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ;
Қате таңдау жағдайында өңірлік резервті (өңірді) немесе салалық бағытты ҚАЙТА ТАҢДАУ МҮМКІН ЕМЕС.
«КАНДИДАТТАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ» КЕЗЕҢІ
1 - 31 наурыз
«ЗАҢНАМАНЫ БІЛУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ» КЕЗЕҢІ
1-блок «Заңнаманы білуге тестілеу»
5-9 сәуір
2-блок «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу»
13-14 сәуір
«ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ» КЕЗЕҢІ
22 сәуірден 7 маусымға дейін
«ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ» КЕЗЕҢІ
13-15 маусым
«ӨҢІРЛІК КАДР КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ» КЕЗЕҢІ
15-17 маусым
Құжаттарды қабылдау онлайн-платформада кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын жеке нөмір беру арқылы жүргізіледі. Тіркелген кандидаттар жеке кабинеттеріне логин мен пароль арқылы кіреді.
Тіркелу кезінде кандидат білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін, мемлекеттік басқарудың мүдделі саласын таңдайды, сондай-ақ заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге жазылады.
Кандидат қойылған талаптарға сай келген жағдайда (құжаттарды тапсыру сәтінде 35 жастан аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі кемінде 3 жыл Қазақстан Республикасының азаматы) іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.