Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Сіздердің назарларыңызға Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы 2023 жылы іске асыруға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобалардың сипаттамасы мен тақырыбын ұсынамыз!
Ұсыныстар мен ескертулерді басқару сайтында "Сұрақ-жауап" бөлімінде қалдыруға болады.
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (мүгедек балалардың спорт және шығармашылық фестивалі) |
5 576,0 |
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III Заңы |
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар |
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дарындылығын дамытуға жәрдемдесу және қоғамға интеграциялау, мүмкіндігі шектеулі балалардың көркем шығармашылығы саласына жұртшылық пен түрлі әлеуметтік институттардың назарын аудару. |
|
2. |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және Мемлекеттік қызмет имиджін арттыруға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар |
4 000, 0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Журналистер, мемлекеттік қызметшілер, жастар, бюджеттік сала қызметкерлері, азаматтық қоғам |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. |
|
3.
|
Өңірлік кезеңнің жеңімпаз отбасыларына және "Мерейлі отбасы"ұлттық конкурсына үміткердің отбасына салтанатты құрмет көрсету |
5 000,9 |
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1076 Қаулысы |
Облыс халқы |
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасыларды көрсету және кеңінен насихаттау, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарға қамқорлығы. |
|
4 |
"Медиация туралы" ҚР Заңы аясында медиаторлар пулын құру, оларды оқытуды ұйымдастыру, бейнероликтер әзірлеу және т. б. |
8 000, 0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Кәсіби емес / қоғамдық медиаторлар, кәсіпорын қызметкерлері |
Қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс пен жанжал деңгейінің алдын алу және төмендету. |
|
5 |
ҮЕҰ форумын ұйымдастыру және өткізу (әлеуметтік жобалардың көрме-жәрмеңкесі; "Жылдың үздік ҮЕҰ" конкурсы, ҮЕҰ конференциясы) |
5 155 000,0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
Үкіметтік емес ұйымдар үшін көшпелі семинарлар циклін ұйымдастыру және өткізу. Әлеуметтік жобалар көрме-жәрмеңкесімен ҮЕҰ қорытынды облыстық форумын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ "Жылдың үздік ҮЕҰ"конкурсын өткізу. |
|
6 |
ҮЕҰ ақпараттық-білім беру орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
4 503 212,0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
ҮЕҰ қызметін ақпараттық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша "жедел желіні" ұйымдастыру, ҮЕҰ қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультация беру. |
|
7 |
Облыстың ардагерлер ұйымдарын қолдау шараларын ұйымдастыру |
2 000 000,0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
Облыстың ардагерлер ұйымдарының қызметіне және қолдауына жәрдемдесу. |
|
8 |
"Жаһандық құзыреттілік және медиа сауаттылық" жобасы |
1 837 709,82 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
Облыс халқының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру. |
|
9 |
Қарағанды облысының ҮЕҰ қызметін қолдау және мониторингілеу жөніндегі арнайы сайттың жұмыс істеуі |
1 500 000,0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
ҮЕҰ-ны қолдау және мониторингілеу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі сайтты ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі. |
|
10 |
Тарихи тәжірибеге негізделген көшбасшылық пен шешендік шеберліктің заманауи мәдениеті мен білімін қалыптастыруға бағытталған "қазақ билері мен шешендерінің мұрасы" жобасы |
2 450 000,0 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Жастар |
Тарихи тәжірибеге негізделген көшбасшылық пен шешендік өнердің заманауи мәдениеті мен білімін қалыптастыру |
|
11 |
"Уақыт байланыстырушы жіп" жобасы ұрпақ сабақтастығын дамытуға, аға буынды тәрбие жұмысына тартуға, қарттардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. |
3 591 178,93 |
ҮЕҰ ұсыныстары |
Жастар, зейнеткерлер |
Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, аға буынды тәрбие жұмысына тарту, қарттардың өмір сүру сапасын арттыру. |
|
12 |
"Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы аясында ерлер мен әйелдердің теңдігі" жобасын іске асыру |
2 000 000,0 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығы. "Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам |
Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ана мен әке мен баланы қорғау бөлігінде мемлекеттік отбасы саясатының мақсаттарын ілгерілету. |