
2023 жылғы 11-12 мамырда Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті. Форум мемлекет пен бизнестің диалог алаңы болып табылады, онда әртараптандыру, импортты алмастыру, инвестициялар тарту және құзыреттерді арттыру тетіктері, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.
Форум аясында 10-12 мамырда "Kazakhstan Machinery Fair 2023" - жетекші салалық көрме және машина жасау, металл өңдеу өнеркәсібі саласындағы мамандар, мемлекеттік сектор және түрлі бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін басты кездесу өткізілді.
Өңір саласының жетекші өкілдері - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "КЛМЗ - Maker" ЖШС, "Qaztehna" ЖШС, "ЗОЦМ" АҚ, "Алайғыр" ЖШС, "Карагандаэнергоремонт" АҚ және тағы онға жуық кәсіпорын металл өңдеудің және машина жасаудың жаңа технологияларын : металл өңдеуге арналған станоктар мен жабдықтар, дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары, аддитивті технологиялар, өнеркәсіптік 3D баспа және т.б. ұсынды.
Сондай - ақ, "Qaztehna" ЖШС, "ЗОЦМ" АҚ, "КЛМЗ-Maker" ЖШС, "Инкар -1" ЖШС, "Казметиз" ЖШС және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Форум мен көрме сессиялары кезінде спикерлер мен модераторлар ретінде сөз сөйледі.