Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер тізбесі

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді:

          1) Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру

Ереже

          2) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру

Ереже

          3) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тiркеу

Ереже

          4) Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру

Ереже

Аталған барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» электрондық базасы арқылы электрондық форматта көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін:

  1. «Электрондық лицензиялау» порталында Жүйеге кіру немесе Тіркелу ;
  2. «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде тиісті бөлімде «қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
  3. Электрондық сұрау өрістерін толтырыңыз;
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою (ЭЦҚ);
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады. «Менің рұқсат құжаттарым» бөлімінде рұқсат алу туралы мәртебесін. «Менің хабарламаларым» бөлімінде хабарлама алу туралы мәртебесін.

 Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің анық еместігі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз бола алады

Егер сіз осы қызметті көрсететін мемлекеттік органның лауазымды адамдарының шешімімен, іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен келіспесеңіз, сіз мемлекеттік орган басшысының атына тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Тіркелген сәттен бастап 5 күн ішінде Сіздің шағымыңыз қаралып, сізге жауап беруі керек.

Шағым берудің бірнеше жолы бар:

  1. Электронды түрде;
  2. Мемлекеттік органның атына тапсырысты хатпен;
  3. Мемлекеттік органның кеңсесіне қолма-қол.

Егер сіз алған шағымға жауап сізді қанағаттандырмаса, онда сіз мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағым беруге, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2024
Дата обновления
26 июня 2024
Тип

Сейчас читают

09 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
08 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы
26 июня 2024
Мемлекеттік қызметтер тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы