
1966 жылы 16 маусымда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген Екі жоғары білімі бар 1989 жылы Ленинград электротехникалық институтын 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргенЕАБөкетова Біліктілігі бойынша инженерэлектрик экономист 2000 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте
2000 жылдың қазанынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысы әкімінің қаржы басқармасында басқарма аппараты мен құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді
2005 жылғы қаңтардан 2008 жылғы сәуірге дейін Қарағанды облысы қаржы департаментінің мемлекеттік органдарды қаржыландыру және рұқсат беру қорғаныс қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік жоспарларын жүргізу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді
2008 жылдың сәуірінен 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды облысының қаржы басқармасының Әлеуметтік сала бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді
2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысы Экономика және қаржы басқармасының бюджет қаражатын басқару бойынша талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді
2015 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді
2017 жылдың қарашасынан 2025 жылдың маусымына дейін Қарағанды облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2025 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.