Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
2026 жылдың 9 айында Басқарма құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 890 хабарламаны қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ға аз (1246 хабарлама). 487 хабарламаны қабылдаудан бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз (502 хабарлама).
2026 жылдың 9 айында Басқармаға пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау актілерін салыстырып тексеруге 1225 акт келіп түсті. Оның ішінде 629 акт бойынша (51%) салыстырып тексеру жүргізілді, 596 акт бойынша (49%) бас тартылды. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында 1116 акт келіп түсіп, оның 534 бойынша (48%) салыстырып тексеру жүргізілді, 582 акт бойынша (52%) бас тартылды.
2026 жылдың 9 айында Басқарма 56 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға аз (68 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 365 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (113 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 14 іс (7 352 500 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (605 500 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (162 189 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 68 іс (15 751 650 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 6 іс (5 406 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 17 іс (5 190 000 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 4 іс (4 325 000, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (7 179 500 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 8 іс (1 297 500 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 7 іс (497 375 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 11 іс (1 167 750, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 8 іс (153 538теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 190 іс (28 735 381 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 190 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 80 548 883 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп (44 971 602 теңге). Оның ішінде басқарма 76 321 195 теңге салды (өндіріп алу 66 713 196 теңгені немесе 87% - құрайды, қалған 13% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 4 227 688 теңге салды .
2026 жылдың 9 айында 370 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 286 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға аз (457 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42% - ға аз (175 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 12 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% - ға артық (7 аккредиттеу туралы куәлік).
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.
Таңдау мүмкіндігі арта түседі
Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.
ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.
Барлық ақпарат – бір платформада
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.
НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.
18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :
- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.
18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.
Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:
Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша
«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де 2026 жылдың 30 маусымда «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында объектілерді қайта жоспарлау, реконструкция,құрылыс мәселелері бойынша консультация өткізілді.
Азаматтар құрылыс қызметінің негізгі процестері туралы ақпарат алды.
Іс-шараға қатысушыларға бұзушылықтарға жол бергені және нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
2026 жылғы 24 маусымда «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, қызметтік этика нормаларын сақтау аясында спикер – Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Бекимова Корлан Сабетовнаның қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында Корлан Сәбетовна мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің қағидаттары мен стандарттары, мүдделер қақтығысын реттеу, шектеулер мен тыйымдарды сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби қызмет пен күнделікті өмірдегі мінез-құлық ережелері туралы айтты
Корлан Сабетовна семинар барысында өз қызметінен практикалық мысалдар келтіріп, қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.
Ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 11.00 де Тәттімбет көшесі 709 мекен-жайы бойынша «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Жария талқылауға қатысу үшін Қарағанды облысы Қоғамдың Кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы Танишпеков Рустам Фаритович шақырылды.
Жария талқылау мәні: Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы.
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ 08.05.2026 жылғы № 12-ө бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу туралы ақпарат «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ресми интернет-ресурсында - https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/1240671?lang=ru. орналастырылды.
Жария талқылау №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытын іске асыру жоспарын орындау аясында өткізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі анықтама мен іс-шаралар жоспары жасалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізілімі жасалды.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау барысында талдамалық анықтаманың ұсынымдарын Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы қолдады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 19 маусымда «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7212) 21-32-06 телефонына немесе krg.gask@akimat09.kz. электрондық мекенжайына хабарласуды ұсынамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.
Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.
Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 5 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 465 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға артық (582 хабарлама), 246 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз (276 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 5 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 765 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 403 (53%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 362 (47%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 31% - ға аз (582 акт, 274 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 308 бас тартылды (53%).
2026 жылдың 5 айында Басқарма 21 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (29 бақылау-қадағалау іс-шарасы).
2026 жылдың 5 айында заңнаманы бұзғаны үшін 290 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп (64 әкімшілік іс):
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 5 іс (3 892 500 теңге. 312-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 54 іс (11 686 150 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (2 162 500 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 14 іс (4 411 500 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 4 іс (519 000 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 3 іс (194 625 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 5 іс (462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 5 іс (45 413 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 189 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).
Оның ішінде 124 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 54 698 355 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (21 545 498 теңге). Оның ішінде басқарма 53 173 792 теңге салды (өндіріп алу 40 274 452 теңгені немесе 76% - құрайды, қалған 24% - ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .
2026 жылдың 5 айында 231 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 165 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34% - ға аз (252 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 60 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41% - ға аз (101 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 6 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% - ға артық (4 аккредиттеу туралы куәлік).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.
Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.
Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.
Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.
Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.
Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.
Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.
ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.
Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.
Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.
[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы