«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де 2024 жылдың 28 тамызда «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара барысында объектілерді қайта жоспарлау, реконструкция,құрылыс мәселелері бойынша консультация өткізілді.
Азаматтар құрылыс қызметінің негізгі процестері туралы ақпарат алды.
Іс-шараға қатысушыларға бұзушылықтарға жол бергені және нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.