Ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 11.00 де Ержанов көшесі 47/3 мекен-жайы бойынша «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Жария талқылауға қатысу үшін «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Серік Мәлібекұлы Санаубаев шақырылды.
Жария талқылау мәні: Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы.
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 11.04.2024 жылғы № 12-ө бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2024 жылғы 23 сәуір мен 22 мамыр аралығында Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу туралы ақпарат «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ресми интернет-ресурсында - https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/documents/details/317182 орналастырылды.
Жария талқылау №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытын іске асыру жоспарын орындау аясында өткізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі анықтама мен іс-шаралар жоспары жасалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізілімі жасалды.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау барысында талдамалық анықтаманың ұсынымдарын «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ қолдады.