Қарағандыда мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы іске қосылды, ол жерде өңір тұрғындары түрлі мәселелер бойынша кеңес ала алады. Кесте бойынша облыс әкімі мен оның орынбасарлары, сондай-ақ басқармалар мен департаменттердің басшылары халықты қабылдайтын болады.
Азаматтарды жайлы жағдайда қабылдау орталығында:
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы С. Ж. Аймақовтың жеке қабылдауы 10 сәуір, 21 мамыр, 17 маусым күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
Қызықтыратын сұрақтарды мына мекенжай бойынша қоюға болады: Қарағанды қ., Тәттімбет к-сі, 709 (Арнайы ХҚКО ғимараты).