2024 жылғы 19 наурызда «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша спикер - Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің түсіндіру пулының мүшесі – Камали Жібек Камалиевнаның қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында Жібек Камалиевна сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі талаптары туралы айтты.
Сонымен қатар, спикер қойылған сұрақтарға түсініктеме берді.