
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де 2023 жылғы 13 қазанда «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараға Қарағанды техникалық университеті сәулет-құрылыс факультетінің мұғалімі және түлектері қатысты.
Іс-шара барысында Басқарма қызметкерлері студенттерді Басқарманың негізгі міндеттері және қызметтерімен таныстырды, сонымен қатар студенттерді қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестер берді.
Іс-шара студенттер үшін пайдалы және білікті кадрларды даярлауда оң нәтиже береді деп үміттенеміз.