Меню

Страницы

Статья

Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 12 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1646 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7% - ға артық                   (1535 хабарлама), 698 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19% - ға артық (585 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 12 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1761 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 896 (51%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 865 (49%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 6% - ға аз (1867 акт, 783(41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1084 бас тартылды (59%).

2025 жылдың 12 айында Басқарма 74 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 12 айында заңнаманы бұзғаны үшін 146 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 25 іс (15 531 400 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 5 іс (3 538 800 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 6 іс (487 466 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 25 іс (8 787 664 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 14 іс (6 827 168 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 6 іс (2 984 388 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (589 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (6 213 720 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 7 іс (1 435 180 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 8 іс (648 780 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860 теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 16 іс (631 086теңге, 463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 1 іс (123 858 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 54 151 456 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 45 343 776  теңге салды (өндіріп алу 35 991 514 теңге немесе 79% құрайды, қалған 21% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 9 352 262 теңге салды.

Дата публикации
15 июля 2020
Дата обновления
28 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Тізбе
04 сентября 2026
«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесі
Мақалалар
22 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау
Азаматтардың өтініштеріне шолу
22 августа 2025
Азаматтардың өтініштері

Социальные медиа

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы