2025 жылдың 3 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 3 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 391 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95% - ға артық                   (201 хабарлама), 119 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75% - ға артық (68 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 3 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 328 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 160 (49%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 168 (51%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 40% - ға аз (549 акт, 178 (33%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 371 бас тартылды (67%).

2025 жылдың 3 айында Басқарма 14 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 3 айында заңнаманы бұзғаны үшін 33 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (393 200 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 3 іс (393 200 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 8 іс (2 861 680 теңге, 316-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1  іс (983 000 теңге, 317-1-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (319-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 8 іс (2 281 120 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 1 іс (58 980 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 2 іс (216 260 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 1 іс (463-бап);

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 7 279 740 теңге сомасына айыппұл салынды, өндіріп алу 5 813 920  теңге.

2025 жылдың 3 айында 201 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 150 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға аз (210 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% - ға аз (57 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (куәліктер берілмеген).

Дата публикации
07 апреля 2025