Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылдың 2 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 303 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112% - ға артық (143 хабарлама), 96 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 104% - ға артық (47 хабарлама).
Басқармаға 2025 жылдың 2 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 248 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 124 (50%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 124 (50%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 39% - ға аз (405 акт, 162 (40%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 243 бас тартылды (55%).
2025 жылдың 2 айында Басқарма 6 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2025 жылдың 2 айында заңнаманы бұзғаны үшін 23 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 2 іс (312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 7 іс (2 330 400 теңге, 316-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1 іс (983 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 1 іс (318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (319-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 6 іс (1 416 080 теңге, 321-бап);
- заңсыз пайдалану, 1 іс (196 600 теңге, 323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 1 іс (теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 5 018 380 теңге сомасына айыппұл салынды, өндіріп алу 4 575 340 теңге.
2025 жылдың 2 айында 136 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 101 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30% - ға аз (145 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 34 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға аз (42 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (куәліктер берілмеген).