Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп
Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
2024 жылдың 12 айында 1079 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 816 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артық (667 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 255 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% - ға аз (301 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 5 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (4 куәлік берілді).