Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылдың 1 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 170 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 174% - ға артық (62 хабарлама), 53 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 121% - ға артық (24 хабарлама).
Басқармаға 2025 жылдың 1 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 132 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 69 (52%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 63 (48%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 33% - ға аз (196 акт, 88 (45%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 108 бас тартылды (55%).
2025 жылдың 1 айында Басқарма 3 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2025 жылдың 1 айында заңнаманы бұзғаны үшін 10 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 1 іс (312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 1 іс (314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 3 іс (1 229 440 теңге, 316-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 1 іс (319-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 1 іс (393 200 теңге, 321-бап);
- заңсыз пайдалану, 1 іс (196 600 теңге, 323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 1 іс (теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 1 911 540 теңге сомасына айыппұл салынды, өндіріп алу 1 468 500 теңге.
2025 жылдың 1 айында 68 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 53 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға артық (50 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға аз (16 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша куәліктер берілмеді.