2024 жылдың 12 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 12 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1535 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% - ға артық                   (1227 хабарлама), 585 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2% - ға аз (598 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 12 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1867 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 783 (42%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1084  (58%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 6% - ға артық (1768 акт, 840 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 928 бас тартылды (52%).

2024 жылдың 12 айында Басқарма 48 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 12 айында заңнаманы бұзғаны үшін 291 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 27 іс (15 986 360 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 9 іс (7 199 400 теңге, 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (369 200 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 75 іс (25 316 044 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 8 іс (2 990 520 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 10  іс (8 676 200 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 11 іс (3 784 300 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 4 іс (94 146 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 3 іс (3 322 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 88 іс (26 051 094 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 5 іс (276 900 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 6 іс (354 494 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (12 922 теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 14 іс (3 232 576 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 103 887 976 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 78 451 712 теңге салды (өндіріп алу 72 607 276  теңге немесе 93% құрайды, қалған 7% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқнемесе ЖСО-ға жіберілді),  сот 25 436 264 теңге салды.

2024 жылдың 12 айында 1079 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 816 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артық (667 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 255 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% - ға аз (301 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 5 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (4 куәлік берілді).

Дата публикации
17 января 2025