Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2024 жылдың 11 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1397 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29% - ға артық (1079 хабарлама), 496 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14% - ға аз (578 хабарлама).
Басқармаға 2024 жылдың 11 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1626 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 662 (41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 964 (59%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 6% - ға артық (1532 акт, 727 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 805 бас тартылды (52%).
2024 жылдың 11 айында Басқарма 44 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2024 жылдың 11 айында заңнаманы бұзғаны үшін 252 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 26 іс (14 140 360 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 9 іс (4 153 500 теңге, 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (369 200 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 60 іс (18 810 740 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 8 іс (2 060 136 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 8 іс (6 461 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 10 іс (3 341 260 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (94 146 теңге, 319-бап);
- үлестік құрылыс, 3 іс (3 322 800 теңге, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 72 іс (22 334 754 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 4 іс (221 520 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 5 іс (191 984 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 13 іс (1 375 500 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 80 273 540 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 65 575 458 теңге салды (өндіріп алу 63 164 582 теңге немесе 96% құрайды, қалған 9% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқнемесе ЖСО-ға жіберілді), сот 14 698 082 теңге салды.
2024 жылдың 11 айында 958 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 727 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артық (596 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 226 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% - ға аз (276 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 5 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% - ға артық (4 мемқызмет).