2024 жылдың 10 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 10 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1253 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31% - ға артық                   (954 хабарлама), 453 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1% - ға артық (500 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 10 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1502 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 602 (40%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 900  (60%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 9% - ға артық (1375 акт, 669 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 706 бас тартылды (52%).

2024 жылдың 10 айында Басқарма 39 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 10 айында заңнаманы бұзғаны үшін 216 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 22 іс (12 663 560 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 8 іс (4 153 500 теңге, 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (369 200 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 51 іс (15 820 220 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 6 іс (2 060 136 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (3 692 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 10 іс (3 341 260 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (94 146 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 3 іс (3 322 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 61 іс (18 679 674 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 3 іс (221 520 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 3  іс (155 064 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 10 іс (1 375 500 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 69 345 220 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 54 647 138 теңге салды (өндіріп алу 52 236262  теңге немесе 96% құрайды, қалған 9% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқнемесе ЖСО-ға жіберілді),  сот 14 698 082 теңге салды.

2024 жылдың 10 айында 876 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 660 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24% - ға артық (530 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 212 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% - ға аз (247 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 2 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға артық (3 мемқызмет).

Дата публикации
22 ноября 2024