2024 жылдың 9 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 9 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1039 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға артық                   (816 хабарлама), 449 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1% - ға артық (444 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 9 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1378 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 536 (39%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 842 (61%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 11% - ға артық (1244 акт, 604 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 640 бас тартылды (58%).

2024 жылдың 9 айында Басқарма 36 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 187 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 21 іс (12 294 360 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 7 іс (3 415 100 теңге, 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 2 іс (369 200 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 40 іс (12 792 780 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 6 іс (2 060 136 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (3 692 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 10 іс (3 341 260 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (94 146 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 3 іс (3 322 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 48 іс (15 135 354 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 3 іс (221 520 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 3  іс (155 064 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 8 іс (1 283 200 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 61 573 560 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 47 706 178 теңге салды (өндіріп алу 43 633 902  теңге немесе 91% құрайды, қалған 9% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқнемесе ЖСО-ға жіберілді),  сот 13 867 382 теңге салды.

2024 жылдың 9 айында 798 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 602 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 51% - ға артық (400 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 194 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17% - ға аз (234 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 2 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға аз (3 мемқызмет).

Дата публикации
08 октября 2024