Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2024 жылдың 7 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 768 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға артық (599 хабарлама), 328 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6% - ға артық (309 хабарлама).
Басқармаға 2024 жылдың 7 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1080 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 438 (41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 642 (59%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 19% - ға артық (910 акт, 488 (54%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 422 бас тартылды (46%).
2024 жылдың 7 айында Басқарма 22 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2024 жылдың 7 айында заңнаманы бұзғаны үшін 133 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 13 іс (5 648 760 теңге, 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 6 іс (2 898 220 теңге, 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (184 600 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 26 іс (8 140 860 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 3 іс (1 395 576 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 3 іс (3 692 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 4 іс (1 698 320 теңге, 318-бап);
- үлестік құрылыс, 3 іс (2 215 200 теңге, 320-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 36 іс (11 591 034 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (166 140 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 3 іс (155 064 теңге, 323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 5 іс (950 920 теңге, 463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 42 133 334 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 31 793 658 теңге салды (өндіріп алу 31 260 164 теңгені немесе 98% құрайды, қалған 2% ЖСО-ға жіберілді), сот 10 339 676 теңге салды.
2024 жылдың 7 айында 634 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 471 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43% - ға артық (329 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 161 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% - ға аз (190 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 2 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (куәлік берілмеді).