2024 жылдың 6 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2024 жылдың 6 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 615 хабарлама қабылдады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артық                   (504 хабарлама), 280 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға артық (219 хабарлама).

Басқармаға 2024 жылдың 6 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 973 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 341 (35%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 632 (65%) бас тартылды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 30% - ға артық (751 акт, 421 (56%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 330 бас тартылды (44%).

2024 жылдың 6 айында Басқарма 18 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2024 жылдың 6 айында заңнаманы бұзғаны үшін 117 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 13 іс (5 648 760 теңге, 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 6 іс (2 898 220 теңге, 314-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 21 іс (6 885 580 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 2 іс (930 384 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2  іс (2 769 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 4 іс (1 698 320 теңге, 318-бап);

- үлестік құрылыс, 2 іс (2 215 200 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 29 іс (10 483 434 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 1 іс (110 760 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 3  іс (155 064 теңге, 323-бап);

- ескертусіз құрылыс, 5 іс (950 920 теңге,  463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 28 іс (3 396 640 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 38 142 282 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 27 802 606 теңге салды (өндіріп алу 27 269 112 теңгені немесе 98% құрайды, қалған 2% ЖСО-ға жіберілді), сот 10 339 676 теңге салды.

2024 жылдың 6 айында 568 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 420 мемлекеттік қызмет, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 51% - ға артық (278 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 146 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% - ға аз (163 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 2 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (куәлік берілмеді).

Дата публикации
22 июля 2024